Хакерлер атыраулық фирмалардың шоттарынан ақша ұрлауда

0
364

Атыраулық фирмалардың есепшоттарынан ақша ұрланып жатыр. Бұл жөнінде ЖШС иелерінің полицияға шағымданғанынан соң белгілі болып отыр. Екі жағдайда да бірдей тәсіл қолданылған.

Бірінші жағдайда бір миллионнан артық сома, екіншісінен 550 мың теңге ұрланған деп хабарлайды Атырау облысы ІІД-ның баспасөз қызметі.

Алаяқтар есепшілердің компьютерлеріне Dropper-gen атты вирус таратады. Сол арқылы ақпараттық байланыс желісіне қол жеткізеді. Осылайша банк есепшоттарындағы қаражатты жеке тұлғалардың шоттарына аударған.

«Бүгінде аталған қылмыс түрін анықтау үшін Алматы қаласындағы әріптестермен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Былтырғы жылы Алматыда осыған ұқсас тәсілмен 3 млн теңге ұрлаған алаяқтар ұсталған еді», — дейді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Ол қылмыскерлер өз жазаларын өтеп жатыр. Облыстық ІІД-да жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды анықтаумен «К» атты арнайы топ айналысып жатыр. Ол 2004 жылы құрылған және криминалды полиция басқармасына жатады.

Қазақтанда соңғы уақытта киберқылмыс туралы көптеп айтылып жүр. Жоғары технологияларды пайдаланып, алаяқтық жасайтындар саны өсіп келеді. Өткенде Орал қаласында айфон құрылғыларын құлыптап тастайтындар туралы жазған едік. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Аталған қылмыспен күресу мақстында интернет-полиция жасау туралы ұсыныстап айтылуда. Оның басты мақсаты — ғаламдық желіде құқық бұзушылықтарға мониторинг жасау болмақ.

Ақпарат көз: Информбюро

7kun.kz сайтының редакторы

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ