Hyundai Қазақстанда құрастыратын көліктерінің санын көбейтеді

0
375

Биыл тамыз айынан бастап Қостанай облысындағы «АгромашХолдинг» зауытында Hyundai автокөліктерінің жаңа төрт моделі құрастырылатын болады. Олар Sonata, Grandeur, Genesis седандары мен Santa Fe кроссовері. Аталған модельдердің сынамалық партиялары маусым айында құрастырылған. Енді тек сертификациядан өтуде.

Егер бұл жоба жүзеге асса, Hyundai автокөліктерінің орташа бағадағы  жаңа модельдері қолжетімді болмақ. Нақтыланбаған мәлімет бойынша, аталған модельдердің екеуі еліміздегі жеңілдетілген автонесие бағдарламасына енуі мүмкін.

0308Ө

12eeb289c4198e696f66e2a877844fe0_orig25393b984bc161b81d9dd4d59c5d7938_orig


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ