«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының топ-менеджменті екі есеге қысқарды

1
301

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов компания ұжымын жаңа ұйымдық құрылымымен таныстырды. Бұл жөнінде ұлттық компанияның баспасөз-қызметі хабарлады.

Жаңа өзгеріс бойынша төраға орынбасарларының саны 5 адамнан 3 адамға, басқарушы директорлар — 9 адамнан 4 адамға қысқартылды.

Департаменттер саны болса, 20-дан 18-ге азайтылды.

Есңмовтың айтуынша, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының қазіргі құрылымы жеңілдетілген және қызметтердің қайталануын болдырмайды.

Жалақы мөлшерінің жылдық қоры шамамен, 150 млн теңгеге қысқарды.

7kun.kz сайтының редакторы

1 пікір

ПІКІР ҚОСУ