Google мен TP-Link «ақылды» Wi-Fi-роутер шығарды

0
287

Американдық Google Inc. компаниясы қытайлық желі жабдығын өндіруші TP-Link-пен бірлесе отырып сымсыз «ақылды» OnHub маршрутизаторын таныстырды.

Google-дың ресми блогында роутердің автоматты түрде желі мониторингін жүргізіп, ең жылдам түріне қосылатыны туралы жазылған.

Аталған роутердің көмегімен ақпарат тасымалдаудың максимал жылдамдығы — секундына 1900 Мбит.

Құрылғыны Google Store, Amazon және Walmart.com секілді онлайн-ритейлерлер арқылы алдын-ала тапсырыс беріп, алуға болады. Құны 200 долларлық роутер АҚШ пен Канаданың дүкендеріне алдағы аптада түсетін болады.

7kun.kz сайтының редакторы

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ