Өскемен қаласына жаңа әкім тағайындалды

0
426
Фото: ustinka.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының активіне қаланың жаңа әкімін таныстырды. Бұл лауазымға бұған дейін ШҚО әкімі аппаратының басшысы болған Ерлан Аймұқашев тағайындалды, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.

Аймұқашев Ерлан Қапарұлы 1970 жылдың 18 наурызында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын және Павлодар университетін тәмамдаған. 2000 жылдан бастап мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет атқарып келеді. Павлодар облысы әкімдігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2012 жылдан 2014 жылға дейін энергетика және инфрақұрылым бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиясының Коллегия мүшесі (Министр) Хатшылығының басшысы болды. Өскемен қаласы әкімі лауазымына тағайындалғанға дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі. 2015 жылдан бастап сайттың редакторы.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ