Түріктер Маңғыстау облысында крахмал зауытын салуды жоспарлап отыр

0
280

 

Ақтау. 14 маусым. 7kun.kz — Түркияның «Ant group & Asya Go» халықаралық корпорациясы Маңғыстау облысында крахмал зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ақтауға жұмыс сапарымен келген «Ant group» компаниясының құрылтайшысы Озджан Бютюн мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы корпорция өкілі Ильяс Керимов және «Маңғыстау индустриалдық палатасы» ЗТБ төрағасы Ғалымжан Балтілеумен кездесуінде айтылды.

Кездесуде аймақта бірқатар жүзеге асырылып жатқан нысандардың жұмысы таныстырылып, бірлескен жаңа жобалар бойыншамүмкіндіктер өзара талқылады.

«Егер крахмал зауытын салу жобасы ойдағыдай жүзеге асатын болса, аймақта 100-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Біздің ұсынысымыз индустриалдық палата тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Бірлескен жобалар бойынша жұмыс жасауға дайынбыз және бұл ынтымақтастық екі тарапқа да ұтымды боларына күмәніміз жоқ», — жоқ дейді түрік инветсорлары.

Сондай-ақ, түрік инвесторларының айтуынша, «Ant Group» халықаралық корпорациясы әлемнің көптеген елдерінде танымал және бірқатар дамыған мемлекеттерде крахмал зауыттарын салып берген. Сонымен қатар глюкоза мен басқа да крахмал өнімдерін шығаратын цехтар, инвестициялық жобалар мен технологиялық қондырғылар өндірісін, атап айтқанда кристаллизаторлар, түрлі арнайы қондырғылар, қоспалауыш, конвейерлер және көлік жүйелерін дамыту жобаларымен айналысады. Компанияның халықаралық нарықтағы тәжірибесі 33 жылдан асады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі. 2015 жылдан бастап сайттың редакторы.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ