Бағдат Азбаев БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

0
544
Фото: vlast.kz

Бүгін БҚО әкімі Алтай Көлгінов облыс әкімінің жаңа орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды zhaikpress.kz.

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша Азбаев Бағдат Оразалдыұлы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Б. О. Азбаев энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін болады» деді облыс басшысы.  Бұған дейін бұл қызметті атқарған Алмаз Бадашев өз еркімен қызметтен босату жөнінде өтініш жазған болатын.

Облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған Бағдат Азбаев 1974 жылы туған, білімі жоғары. Ол Қазақ аграрлық университетін инженер мамандығы, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Автотехобслуживание» ЖШС механик болып бастаған. 2001-2013 жылдары Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындарында әртүрлі басшылық лауазымдарды, «Астана-Орманы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары ретінде қаржы, экономика және абаттандыру жұмысына жетекшілік жасаған, кейін директоры лауазымын атқарды.

2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы комитетінің төрағасы болып істеді.


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ