ЭКСПО көрмесіне Павлодар облысынан 100 мың адам жіберіледі

0
149
Фото:kapital.kz

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов кезекті аппарат жиналысын өткізіп, аймақтың ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындығына қатысты мәселелерді талқылады деп жазады Ratel.kz. 

Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқарма басшысының орынбасары Асхат Жармағамбетов Павлодар облысы тұрғындарының Астанадағы ЭКСПО көрмесін тамашалау жоспарымен таныстырды. 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында аймақтан астанаға 100 мыңға жуық адам баруы қажет.

Қала әкімдіктері мен аудан басшыларының арасында ЭКСПО-ға жіберуі міндетті адамдардың жалпы көлемі бөлінді. Павлодар әкімдігі 3 ай ішінде 44 мың адамды, Екібастұз әкімдігі 9 мың адамды, Ақсу әкімдігі 1400 адамды «іс-сапарға» жіберуі қажет.

Барлығы Павлодар облысында 755 мыңға жуық адам тұрады, 350 мыңы — Павлодарда. Өңір басшылығы Астанадағы ЭКСПО көрмесіне аймақтың әрбір 7-тұрғынын жіберуді жоспарлап отыр.

Аймақтық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Марданованың айтуынша, облыс тұрғындары көрмеге отбасыларымен бірге баруы үшін барлық жағдай жасалады. Дегенмен ЭКСПО-ға қатысудың жиілігін арттыру кімнің есебінен жүргізілетіндігі нақтыланған жоқ.

Кейінірек әкімшілікте хабарлағандай, туристер көрмеге өз есебінен барады. Жол мен билет шығындарының орны толтырылмайды. Облыс тұрғындары жалпы есеп бойынша ЭКСПО ұйымдастырушылары ұсынған жеңілдіктерді пайдалана алады. 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Авторадиода жаңалықтар жүргізушісі болған. Іскерлік журналистика мектебінің түлегі. 7kun.kz сайтында 2015 жылдан бастап істейді.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ