KAZ MINERALS Шығыс Қазақстандағы жобасының бюджетін қысқартады

0
247

KAZ Minerals Тобы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Ақтоғай мыс кеніші құрылысының бюджеті азайғанын хабарлайды. Бозшакөл КБК-нің (Павлодар облысы) құрылысы барысында жинақталған тәжірибенің, сондай-ақ 2015 жылы америкалық валюта бағамының өсімі барысында жергілікті мердігерлер жұмысының долларлық құнының арзандауы арқасында күрделі шығындардың жалпы көлемі $100 млн азайып, $2,2 млрд құрады деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Бюджеттің азайюы нәтижесінде Ақтоғай кен байыту кешенінің құрылысына салынатын инвестициялар көлемі 2016 жылы $230 млн және 2017 жылы $350 млн құрайды деп жоспарланған. Құрылыстың бас мердігеріне аударылатын $300 млн көлеміндегі соңғы төлем 2018 жылға, яғни жоба толығымен аяқталғанға дейін шегерілгені туралы бұған дейін хабарланған.

«Біз KAZ Minerals-тың алғашқы жобасы – Бозшакөл кенішіндегі құрылыста жинақталған тәжірибені сәтті пайдаландық. Осы арқылы Ақтоғай жобасының жоспарлы бюджетін азайтуға мүмкіндік алдық. Нарықтағы жағдайды жіті бақылап, ол жақын арада, яғни 2016 жылдың барысында Ақтоғайдың құрылысына қалай әсер ететіндігін асыға күтіп отырмыз», — деді KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Авторадиода жаңалықтар жүргізушісі болған. Іскерлік журналистика мектебінің түлегі. 7kun.kz сайтында 2015 жылдан бастап істейді.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ