Ақмола облысында террор деген күдікпен төрт адамға іздеу жарияланды

0
123
Фото: sq.com.ua

Ақмола облысында террорлық қылмыс жасады деген күдікпен төрт адамға іздеу жарияланды, деп хабарлады облыстық прокуратура. Мекеме мәліметі бойынша, жыл басында құқық қорғау органдары терроризм және экстремизмге байланысты қылмыстар бойынша бес түрлі тергеу жүргізе бастаған.

Ақмола облыстық прокуратурасының хабарламасында: «терроризм қазақстандық қоғамның күнделікті өмірімен араласып кетті» және елдің ұлттық қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төнгізді», делінген.

Ақтөбе қаласындағы қарулы шабуылдан кейін республиканың барлық аймақтарында террористік қауіптіліктің «сары» деңгейі енгізілді. Ресми мәлімет бойынша, Ақтөбедегі шабуылдан төрт жергілікті тұрғын және үш әскер қызметкері қаза болды.

Ақмола облыстық прокуратурасы азаматтарды күш құрылымдары органдарының терроризммен күресуіне қолғабыс етуге шақырды. Атап айтқанда, адамдар көп шоғырланған жерлердегі күдікті заттар, «террорлық акт жасауды көздеген адамдар» туралы хабарлауын сұрады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі. 2015 жылдан бастап сайттың редакторы.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ