Қазақстанда полиэтилен өндіріледі

0
369
Фото:pulscen.kz

Атырау. 9 тамыз. 7kun.kz — Атырау облысында біріктірілген газ-химиялық кешенінің құрылысы басталады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Аталған жаңалық «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеевтің Атырау облысына іс-сапары кезінде айтылды. Газ-химиялық кешенінің құны — 5,1 млрд доллар, ол Теңгіз кен орнынан алынған газды өңдеу арқылы өнім алуға бағытталған.

«Нәтижесінде Қазақстан құрылыс, медицина, машина құрылысы, тұрмыстық техника өндіру және басқа салаларда кеңінен пайдаланылатын полиэтилен шығаратын болады. Бұл өндірістің масштабы мен күрделі қаржы сыйымдылығын ескере отырып, қарыз түрінде қаржыландыру жоспарлануда. Шетелдік кредиторлардың және инвесторлардың басты талабы — инфрақұрылым жағынан қамтамасыз ету», — деп жазылған хабарламада.

Қор басшысы полиэтилен, бутадиет және синтетикалық каучук өндірісі бойынша жобалардың алдағы даму жоспарын талқылады. Барлық жобаларды Біріккен химиялық компаниясы жүзеге асырады. Нәтижесінде өңірде құрылыс кезінде 9 мыңнан астам, ал объектілер пайдалануға берілгенде 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ Шөкеев пайдалануға берілген Polymer Production зауытына барды. Бұл кәсіпорында жылына 14 738 тонна БОПП-пленка, 4125 тонна полиэтиленді пленка және 48 млн бірлік полипропиленді қап шығарылады. Қазақстанда алғаш рет өндіріліп отырған БОПП-пленка басқа қаптама материалдарды ығыстырып жатыр. Бұл тауар ауыл шаруашылығында, құрылыста, азық-түлік өндірісінде және бөлшек саудада қолданылады. Жоба құны — 90 млн доллар.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Авторадиода жаңалықтар жүргізушісі болған. Іскерлік журналистика мектебінің түлегі. 7kun.kz сайтында 2015 жылдан бастап істейді.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ