Ақтауда Timur Academy ашылды

0
1505
Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев timur academy жұмысымен танысуда

Ақтау қаласында белгілі ІТ маманы  Тимур Бектұрдың бастамасымен «Timur academy» деп аталатын оқу орталығы ашылды. Орталықта жастар қашықтықтан білім алуына және орталықтың өзінде оқуға мүмкіндік жасалған.

«Орталықта курстар ақылы да, тегін де болады. Ауыл және аудан жастарына басты назар аударсақ деп отырмыз. Ал мүжәлсіз отбасы мен жағдайы шектеулі жандар үшін барлық курс тегін болмақ» дейді Тимур Бектұр.

Оның айтуынша біздің қоғамда жастар ұшырасатын бірнеше проблема бар. Біріншісі, қай жоғары оқу орнын бітірсе де біздің жастарымыз жұмыс берушілердің талаптарына сай келмейді. Аталған орталық осы олқылықтың орнын толтырмақ.  Екіншісі, жастардың шетелдік, әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарына (Stanford, Harvard, MIT, т.с.с.) түсу үшін қандай алғышарттар керек, академиялық ізденісті қалау жазу керек, американ оқу жүйесін түсіну секілді біраз кедергілерге тап болады. Дәл осы жерде аталған орталық білім трамплині қызметін атқармақ.

Бүгін Ақтауға жұмыс сапарымен барған Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев орталықта болып жұмысымен танысқан.

Аталған орталық төмендегі курстарды жастарға ұсынады:

Ағылшын тілі қазақша
Ағылшын тілі IELTS-ке қазақша
Робототехника
Бизнес модельдеу
HR — компанияның адам ресурсымен жұмыс
HR- Талант іздеу немесе хедхантинг
Бухгалтерияға кіріспе
Бухгалтерия Жеке кәсіпкерлер үшін
Интернет-маркетинг
Емайл маркетинг
Контент маркетинг
Контексті жарнама
Сайт жасау курсы
Бағдарламалау курсы
Мультимедиа журналистикасы
Биотехнология
Тайм менеджмент
Проект менеджмент
MS Office bundle
Social media management
Search Engine Optimisation
Физика
Математика
Блоггинг
Әлеуметтік желілер мен жаңа медиа негіздері
Әлеуметтік желілер мен жаңа медиа журналистер үшін
Әлеуметтік желілер мен жаңа медиа кәсіпкерлер үшін

 

 

 


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ