Солтүстік Қазақстанда бюджет кірісі 16,8 млрд теңгеге дейін артты

0
214
Фото: sko.gov.kz/

Петропавл. 20 тамыз. 7kun.kz — Солтүстiк Қазақстан облысы маслихатының бесiншi сессиясы аясында облыс әкімі Ерiк Сұлтанов 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бйынша есеп берді, деп хабарлайды

Алты айдың қорытындысына сәйкес, өнеркәсiптiк өндiрiс көлемi 0,5%-ға, ауыл шаруашылығы өнiмдерi 2,2%-ға, құрылыс жұмыстары 2,2%-ға, инвестиция мен негiзгi капитал 3,4%-ға артты.

«Мұның барлығы жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiн 23,5%-ға,16,8 млрд теңгеге арттыруға мүмкiндiк бердi. Осының арқасында облыста өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық ахуалын айтарлықтай жақсартуға ықпал ететiн барлық бюджеттiк бағдарламалар табысты орындалуда», — дедi Ерiк Хамзаұлы.

Өңiрдiң басты саласы — агроөнеркәсiптiк кешендi қолдауға биылғыдай, республика экономикасы үшiн күрделi жылда субсидия ретiнде 23,5 млрд теңге бөлiндi. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6,2 млрд теңгеге артық. Сондай-ақ, республикалық бюджеттен 3,1 млрд теңге гектар бойынша субсидиялауға жұмсалды.

Осындай қаржылық қолдаудың арқасында машина-тракторлық паркiн жаңарту жұмысы жалғасуда. Жыл басынан берi облыстың ауыл шаруашылығын қалыптастыру үшiн 4,5 млрд теңгеге 379 заманауи техника сатып алынды. Бұдан бөлек, өңiрдiң 40 тұқымдық репродукторларында 1,5 мың бас тұқымдық балауса алынған. Биыл өңiрдiң 4 ауданына 2 мың бас үшiн тағы 4 жаңа сүт кешенiн құру жоспарланып отыр.

«Тұтастай алғанда, бiздiң қолданып отырған шараларымыз барлық шаруашылық бойынша өнiм өндiрудi 5,2%-ға дейiн, ауыл шаруашылығы жануарларының санын 5,3%-ға дейiн арттыруға мүмкiндiк бердi», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.

Алдағы егiн жинау науқанына қатысты алдын ала мәлiметтер бойынша астық түсiмi 17 ц/га артық болады деп күтiлуде. Егiндi жинау үшiн өңiрдiң ауыл шаруашылығын қалыптастырушылары 72 мың тонна арзандатылған дизельдiк отын бөлген.

Облыс әкiмiнiң ақпараты бойынша өңiрдiң өндiрiстiк кәсiпорындарында 6 ай iшiнде 83 млрд.теңгенiң өнiмi өндiрiлген. Кәсiпкерлiктi қолдау Картасы жобасын жүзеге асыру барысында қосымша көлемге қол жеткiзiледi деп күтiлуде. Аталған картаға жалпы инвестициясы 33 млрд.теңге болатын 41 жоба кiредi.

Өңiрде тұрғын-үй саласына үлкен назар аударылады. Биыл қаржыландырудың барлық көздерi есебiнен 185 мың шаршы метр тұрғын-үйдi пайдалануға беру жоспарланған. Бұл 132% өсiмдi құрайды.

СҚО әкiмi «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасын жүзеге асыру толығырақ тоқталды. Биыл бiздiң өңiрге 6 млрд.теңге бөлiндi. Бұл былтырғымен салыстырғанда 2,5 есе артық. Оның iшiнде елдi-мекендердi абаттандыру мен елдi-мекендерде көлiктiк инфрақұрылымды арттыруға бағытталған 512 жобаға Үкiмет резервiнен 1,6 млрд.теңге бөлiндi.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында бiрiншi жартыжылдықта 1000 жұмыс орынын құруға мүмкiндiк беретiн 67 инфрақұрылым жобаларында жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.

«Ағымдағы жылдың 6 айы бойынша 12 мың адам жұмысқа орналасса, олардың 9 мыңы тұрақты жұмысқа кiрген. Жүргiзiлген жұмыстардың нәтижесi бойынша облыста ағымдағы жылдың бiрiншi кварталы бойынша жұмыссыздық деңгейi 5%-ды құрады», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.

Сондай-ақ өңiр басшысы бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, дене шынықтыру мен спорт саласында қол жеткiзген жетiстiктердi де атап өттi.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі. 2015 жылдан бастап сайттың редакторы.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ