Ақмола облысының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы — 155,9 млн доллар

2
182
Фото: hayastannews.com

Көкшетау. 12 қыркүйек. 7kun.kz — 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола облысының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 155,9 млн долларды құрады. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Қазақпарат.

«2016 жылдың қаңтар-маусымында Ақмола облысының ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы155,9 миллион АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт үлесі 34,4 миллион АҚШ доллары немесе 22,1 пайыз, импорт үлесі 121,5 миллион АҚШ доллары немесе 77,9 пайыз болды.

Сонымен қатар, 2016 жылдың қаңтар-маусымында Ресей Федерациясына экспорт 30,5 миллион, импорт — 116,6 миллион АҚШ долларын құрады. Ал, осы мерзімде Беларусь Республикасына экспорт 0,3 миллион, импорт — 3,8 миллион АҚШ доллары болды.

Сондай-ақ, осы аралықта көрші Қырғызстан Республикасымен жасалған сауда айналымы, оның ішінде экспорт 3,6 миллион,импорт — 1,1 миллион АҚШ долларына сай болды», — деп жазылған хабарламада.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі. 2015 жылдан бастап сайттың редакторы.

2 Пікір

  1. өте керемет көрсеткіш десем болады, себебі, бір ғана қала үшін бұл үлкен көрсеткіш

ПІКІР ҚОСУ