ОПЕК елдері мұнай өндірісін азайту туралы келісімге келді

0
477

Алжир. 29 қыркүйек. 7kun.kz — ОПЕК елдері мұнай өндірісінің көлемін тәулігіне 32,5-33 млн баррельге дейін төмендетуге келісті. Бұл осыған дейінгі көлемге қарағанда 700 мың баррель аз деп хабарлады Иранның мұнай министрі Биджан Зангане. 

Алжирде өткен бейресми кездесуде 2008 жылдан бері алғаш рет келісім орнады. Иран мұнай министрінің сөзінше, Ирандағы өндіріс көлемін арттыру туралы шешім қабылданған жоқ. «Келісім аясында Иран мен басқа да елдердегі өндіріс көлемі қандай болатыны нақтыланған жоқ. Бұл мәселе ОПЕК-тің келесі кездесуінде (30 қарашада) қаралады», — деді ол. Ал Reuters-тің атап өтуінше, Сауд Арабияның энергетика министрі Аравии Халиф әл-Фалих Иран, Нигерия және Ливияға «максималды деңгейдегі» өндіріске рұқсат берілуі мүмкін екендігін мәлімдеген.

Сондай-ақ ОПЕК қатысушылары ұйымға кірмейтін өзге елдерге де келісім-шарт аясында қара алтын өндірісін азайтуды ұсынбақ.

Алжирдегі келісім-шарт аясында әлемдік мұнай бағасы 5 пайызға жоғарылады. Соңғы мәлімет бойынша, Brent маркасының бағасы барреліне 48,94 долларға дейін, WTI маркасы 46,78 пайызға дейін қымбаттаған.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Авторадиода жаңалықтар жүргізушісі болған. Іскерлік журналистика мектебінің түлегі. 7kun.kz сайтында 2015 жылдан бастап істейді.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ