Құны 26 млн теңге болатын қазақстандық автобустар шығарылады

0
287
Фото:kstnews.kz

Қостанай. 30 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылы 200-ден астам қазақстандық автобустар шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы AllurGroup компаниясынан хабарлады. 

Автобус өндірісіне 1 млн доллардан астам қаржы жұмсалған. Негізгі инвесторлар — China National Machinery IMP. & EXP. CORP (СМС) және «СарыарқаАвтоПром» компаниясы. 

Қостанайдағы келісім-шартқа байланысты қазір Ankai GK39 автобусының 3 моделінің және Ankai GK39С (CNG) моделінің өндірісі басталды. Транспорт ұзындығы — 8, 10,5 және 12 м. Сыйымдылығы — 80 адам. Қозғалтқыштары EURO 5 стандартына сай келеді.

Қытай жағы зауытқа білікті инженерлік және техникалық персонал жіберді. ANKAI автобустарының өндіріс технологиясын білетін олар зауыт қызметкерлерін оқытуға атсалысады.

Алдағы уақытта зауыт шығаратын автобус үлгілерін көбейтпек. Қалалық транспорттан бөлек халықаралық, туристік және мектепке арналған түрлерін өндіру жоспарланып отыр. Автобус құны — 26 млн теңге.

Еске салайық, осыған дейін Алматыда автобус құрастыратын зауыт салынатыны туралы хабарланған еді. FalconEuroBus компаниясы жобаға 24 млрд теңгеден астам қаржы салады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Авторадиода жаңалықтар жүргізушісі болған. Іскерлік журналистика мектебінің түлегі. 7kun.kz сайтында 2015 жылдан бастап істейді.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ