Энергетика министрлігі: Шетелдік және қазақстандық компаниялар бірдей жағдайда жұмыс істемейді

0
234

Астана. 11 қазан. 7kun.kz  — Энергетика министрі Қанат Бозымбаев үкімет отырысында мұнай-газ компанияларының қандай проблемалармен кездесіп жатқандығын мәлімдеді. Оның сөзінше, назар салуды талап ететін басты проблемалардың бірі — кәсіби тәжірибенің жетіспеушілігі. 

«Қазақстандық компанияларда күрделі жұмысты жүзеге асыра алатындай тәжірибе жоқ, бұл өз талаптарының орындалғанын қалайтын операторлардың алаңдаушылығын туғызады. Аталған проблеманы шешу үшін отандық және жергілікті компаниялар арасында ортақ кәсіпорындар немесе консорциумдар құрылып отыр. Біз шетелдік мердігерлерге міндетті түрде қазақстандық компаниялармен серіктестік орнату қажет деген талап қоюымыз керек», — деді ол.

 Сондай-ақ келісім-шартқа сай шетелдік жалдаушылар ҚҚС төлеуден босатылған, бұл қазақстандық кәсіпорындар тиімсіз жағдайда қалып отыр дегенді білдіреді. Осы мәселені қарастыру үшін үш оператор, ұлттық экономика министрлігі және кәсіпкерлер палатасы қатысатын жұмыс тобы құрылып отыр.
«Отандық кәсіпорындар сатып алу жасағанда кен орнын пайдаланушылар жоғары талаптар қояды. Мысалы, төлем уақытын ұзаққа созып, тұрақты жеткізушілерінің сенімінен шығады. Жыл соңына дейін кен орнын пайдаланушылар жұмыс істеу тәртібіне өзгеріс енгізіледі», — деп атап өтті Бозымбаев.
Дегенмен соңғы өзгеріс бойынша 3 ірі жобаға шетелдік жеткізушілермен немесе тауар өндірушілермен келісім-шарт уақытын созуға мүмкіндік берілген. Бірақ операторлар Қазақстанда жаңа өндіріс құру, өндірісті жаңаландыру, персоналды оқытып, жергілікті компаниялармен серіктестік құру деген талаптарды орындауы қажет.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Авторадиода жаңалықтар жүргізушісі болған. Іскерлік журналистика мектебінің түлегі. 7kun.kz сайтында 2015 жылдан бастап істейді.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ