Қашағаннан алғашқы мұнай алынды

0
321
Фото: National Business

Астана. 13 қазан. 7kun.kz — ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев  Қашаған кен орнынан «ҚазТрансОйл» резервіне мұнай жіберіле бастағанын хабарлады. Бұл туралы ол Парламенті Мәжілісіндегі пленарлық отырыстан кейін хабарлады деп жазады pm.kz

«Қашағанда бәрі ретімен жүргізіліп жатыр. Өндіру басталып қана қойған жоқ, мен бүгін төрт ұңғымада өндіріс белсенді жүріп жатқанын көрдім, тәулігіне шамамен 90 мың баррель», — деді министр.

Қ. Бозымбаев, сондай-ақ, «Болашақ» мұнай өңдеу зауытының да жұмыс істеп тұрғандығын айтты. «Болашақ» жұмыс істеп тұр. Оны қалпына келтіру жалғасып жатыр, себебі қондырғының барлық түрі әлі жүктеліп жатыр. Бірақ сауда мұнайы Болашақ зауытынан шықты, тазартылған және бүгінгі күні «ҚазТрансОйл» резервіне құйылып жатыр», — деді Қ. Бозымбаев.

Министрдің айтуынша, енді мұнай кезең-кезеңімен «ҚазТрансОйл» резервтерінде жиналатын болады, және алдағы уақытта оператор алғашқы экспорттық келісімшарттар туралы хабарлайды.

Осыған дейін энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Қашаған қазанның ІІІ онкүндігінен бастап коммерциялық өндірісті бастайды деп мәлімдеген еді. Ал кен орнындағы оператор NCOC-тың мәлімдеуінше, ресми түрде жұмыс басталмас бұрын толықтай тексерістен өткен.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Авторадиода жаңалықтар жүргізушісі болған. Іскерлік журналистика мектебінің түлегі. 7kun.kz сайтында 2015 жылдан бастап істейді.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ