БҚО-да ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 8,3 млрд теңге жұмсалды

0
444
Сурет: Ак Жайык

БҚО. 15 қазан. 7kun.kz — 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 8,3 млрд теңге жұмсалды (2014 жылы — 4,9 млрд теңге, 2015 жылы — 7,1 млрд.теңге). Сонымен қатар, 2016 жылы шаруашылықтарға «ҚазАгро» акционерлік қоғамы арқылы 3,6 млрд теңге несие көзі тартылды. Бұл туралы inform.kz жазды.

2013 жылдан бастап облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарына «ҚазАгро» акционерлік қоғамы арқылы  19 млрд теңге несие ресурстары тартылған болса, соның ішінде 4,2 млрд теңгеге 1 055 ауыл шаруашылығы техникасы мен қондырғылары лизинг бойынша сатып алынды. Тәуелсіздік жылдары (1993-2015 жылдар) ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 16 есеге (7 млрд теңгеден 107 млрд теңгеге дейін) өсті.

Одан бөлек, соңғы 20 жылда ірі қара 30, қой мен ешкі 50, жылқы 60, құс саны 130 пайызға артты. Осы жылғы сегіз айда өзінде ауыл шаруашылығындағы сыртқы сауда айналымы 14,4 млрд теңгені құраса, соның ішінде экспорт 2,4 млрд, импорт 12,0 млрд теңге болды.

Өңір негізінен ірі қара мен уақ жандық етін, балық өнімдерін, ұн мен астық өнімдерін, майлы дақылдар, макарон және басқаларын шетке шығарады. Ресей, Испания, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Өзбекстан және Украина облыстың саудадағы әріптестері болып отыр. Мысалы, «Ірі қара етін экспорттау әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында соңғы бес жылда  7300 тонна ет пен ет өнімдері осындай елдерге жөнелтілді.

Редактор

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ