Қызылорда облысында 254 жоба жүзеге асырылады

0
239
Фото: kyz.20150211.obl.kz

Астана. 1 қараша. 7kun.kz — Бұл жобалар «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде іске қосылады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және әлеуметтік даму баспасөз қызметі.

Биыл облысқа бағдарламаның бірінші бағытын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 5,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа  254 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру көзделген. Жөнделетін ғимараттар мен құрылыстардың 59-ы — білім беру, 20-сы — мәдениет, 109 — транспорттық инфрақұрылым, оны спорт саласына қатысты. Сондай-ақ, 11 дәрігерлік амбулатория құрылысы жоспарланған.

Жоба аясында 1819 жұмыс орны ашылады. Бұған дейін 152 жоба іске қосылып,  424 адам еңбекпен қамтылды. Оның 268-і  — «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушылары.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы аталған бағдарламаның бірінші бағытын жүзеге асыру үшін 13,7 млрд теңге бөлінген. Республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылды. Ал 2016 жылы бағдарламаның бірінші бағытын жүзеге асыру үшін 80,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдардың өтініштеріне сәйкес аймақтарға таратылады.

Талшын ӨТЕПОВА «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ