Талдықорғанда Жас кәсіпкерлер мектебі жұмысын бастады         

0
299
Фото:taldyk.info

 Талдықорған. 1 қараша. 7kun.kz – Мектеп «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ашылды. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.      

Мектепте 50 адам білім алады. Қатысушылардың көпшілігі студенттер мен жас кәсіпкерлер. Алғашқы сабақта бизнес-кеңесшілер Александр Кузнецов пен Қайрат Оңғаров бизнесті заңдастыру, оның ішінде жеке кәсіпті, шаруа қожалықтарын тіркеу, бизнесті басқарудағы қиындықтар мен ерекшеліктер туралы айтты. Қ.Оңғаровтың айтуынша, мектептің ерекшелігі — бизнестегі нақты мысалдар негізінде білім беру.

21 жастағы қатысушы Айнұр Рысбекованың балалар киімдерін шығарғысы келеді.

«Мен алғашқы тапсырысымды балалар киіміне  алдым. Елімізде балалар киімін шығаратын қазақстандық брендтер аз. Қазіргі кезде мендегі басты мәселе – маркетинг. Бұл сабақта осы тақырып туралы көп мәлімет  алғым келеді», — дейді ол.

Оқу соңында бизнес-жобаларын табысты қорғаған қатысушыларға сертификат беріледі.

Мейірім БАҚЫТЖАНОВА «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ