«Қазатомөнеркәсіп» қытайлық компаниямен бірге ядролық отын өндіреді

0
197
Фото:Kapital.kz.

 Астана. 3 қараша. 7kun.kz  — Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылған.  

Кездесуде  президент компания өнімінің әлемдік нарықтағы үлесі жоғары екенін айта келе, ядролық отын нарығындағы негізгі міндетін атап өтті.  «Біздің міндетіміз – толық ядролық отын циклінің барлық үдерісіне қатысу. Бұл салада басқа елдермен өзара ынтымақтастықты арттыру керек» , – деді ол. Сонымен бірге, ол профильді емес активтерден арылу және трансформациялау бағдарламасын іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Өз кезегінде Асқар Жұмағалиев компанияның 2016 жылғы 9 айда атқарған жұмысы жайында  баяндады. Сондай — ақ, Үлбі металлургия зауытының аумағындағы зауыт салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің аяқталғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша,  2015 жылдың желтоқсанында ұлттық Қазатомөнеркәсіп» компаниясы қытайлық ChinaGeneralNuclearPowerCorporation (CGNPC) компаниясы мен бірлесіп, Үлбі металлургиялық зауытын әртараптандыру ісін қолға алған. Ұлттық компания аталған  шетелдік компаниямен бірлесе 2019 жылдан бастап елімізде ядролық отын өндіре бастайды. Отын Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты аумағында өндіріледі.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы —  Қазақстанның уран  және өзге металдарды экспорттау жөніндегі ұлттық операторы.

 Зүбайра ЖАМАНБАЙҚЫЗЫ, «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ