Жамбыл облысындағы дауылдан миллиондаған шығын келді

1
290
Фото: Kazday

Тараз. 8 Қараша. 7kun.kz —   Жамбыл облысында болған дауылдан шығын мөлшері  470 млн теңгені құрады.  Бұл туралы  облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев үкімет отырысы кезінде мәлімдеді.  

Облыс басшысының мәліметінше,  дауыл әсерінен 36 азамат емханалық көмекке жүгініп, 4 адам ауруханаға жатқызылды.  Тараз қаласы, Байзақ, Мойынқұм және Шу аймақтарында төтенше жағдай режимі енгізіліп, арнайы комиссия құрылды.

Көкірекбаевтың айтуынша, қаладағы барлығы 1700-ге жуық  нысанның 70 пайызының шатыры зақымдалған.  Қалпына келтіру жұмыстары барысында 2 ЖОО-на 129 млн  теңге және қираған 10 жылыжайға 175 млн теңге жұмсалады.

«Жылыжайлар құрылысы несиеге  салынғандықтан, «КазАгро» бірлестігімен  қарызды кешігіп төлеу мәмілесімен келістік. Барлық коммуналдық меншік объектілері жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі», -деді ол.

Сонымен қатар 53 мың абонент электр жарығынсыз қалып,  5 ауылда газ жүйесі  істен шықты.  Тараз қаласында 351 жеке тұрғын үй секторында электр қуатын жөндеу жұмыстары әлі жалғасуда.

Жанерке Серікова «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

1 пікір

  1. Менің қарындасымның алғашқы мақаласы өте өзекті мәселелердің біріне болыпты, Алдағы уақыттада осындай өзекті мәселелерді көтеретін журналистердің қатарынан болады деген ойдамын! Қаламың мұқалмасын, Алтын қарындасым!

ПІКІР ҚОСУ