Қазақстандық наноспутниктер 2017 жылы ұшырылады

0
286
Фото: livejournal.com

Астана. 8 қараша. 7kun.kz – Ол спутниктер Ғарыштық техника институты мен Ұлттық ғарышты  зерттеу орталығынан шығарылады. Бұл туралы LS порталы жазады.

«Қазғарыш» мәлімдеуінше, жобаны даярлауға үш жыл уақыт кетті.

«Барлық ғарыш жүйесіне, оның ішінде наноспутник, жер сыртында бақылау және жер беті арнаулы кешен құралдарына 240 млн теңге қаржы жұмсалды»- деп хабарланды ведомстводан. Қарапайым спутниктермен салыстырғанда бұл жобаның шығыны аз.

Жаңа құралдар ауыл шаруашылығында, төтенше жағдайларды бақылауда және хабарлауда, ғылыми зерттеулерде және т.б салаларда пайдаланылады.

Гүлім ІЛИЯС «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ