Алматы облысы әкімінің орынбасары ауысты

0
277

Талдықорған. 9 қараша. 7kun.kz — Жақсылық Омар Алматы облысы әкімінің орынбасары  болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайты хабарлады. 

Облыс әкімінің жаңа тағайындалған орынбасары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін бітірген. Мамандығы – география пәнінің оқытушысы, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Республикалық халықаралық мәдени бағдарламалар комитеті дирекциясының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдарда Мәдениет министрлігінде жетекші маман, бас маман, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Астана» ТРК дирекциясы директорының орынбасары, қоғамдық-саяси бөлімінің продюсері, «Арнамедиа» ҰАХ» АҚ бас менеджері, Парламент Мәжілісі аппараты баспасөз қызметінің сарапшысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі, Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2013 жылдың мамыр айынан бері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Бұған дейін Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Бақтияр Әлтайұлы Өнербаев  басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.

БАҚ хабарлауынша ол Текелі қаласының әкімі болып тағайындалды.

Редактор

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ