Қазақстан мен Өзбекстан арасында автоөнеркәсіп туралы келіссөздер жүргізілді

0
322
Фото:allurgroup.kz

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz – Екі ел арасында автоөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы шарттарға қол қойылды, деп хабарлайды LS агенттігі.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қостанайдағы автомобиль құрастыру зауытында болып қайтты. Іс – сапар барысында AllurGroup директорлар кеңесінің басшысы Андрей Лаврентьев отандық автоөндірушілердің бірінші кезекте көлік құралдарын оқшаулауға қызығатындығын хабарлады.

Қазіргі уақытта 1,5 мыңнан астам  өзбекстандық кәсіпорындар шамамен барлық  компоненттерді өндіреді.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда Nexiа атымен белгілі  Ravon брендіндегі модельдерді құрастыру туралы мәселесі талқыланып жатыр.

«Біз екі жылдың ішінде таязды өндіріске көшуді жоспарлап отырмыз. Алғашқы екі жыл үлкен түйінді құрастыру әдісімен жұмыс істеп көреміз және технологиялар мен мамандарды даярлауға қазірден дайындалатын боламыз», — дейді ол.

Сондай-ақ, Мамин таязды өндіріске жоспарланған Peugeot 301, JAC S3 цехтарын және коммерциялық көлік құралдарына арналған Iveco Stralis-ті аралап көрді.

Ұлбосын НАЙЗАҚҰЛ «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ