Алматы облысының шаруа қожалықтары егістік алқабында оқудан өтті

0
98
Фото: altaynews.kz

Талдықорған. 14 қараша. 7kun.kz – «Атамекен» ҰКП агробіліктілік орталығы ұйымдастырған семинарлар аяқталды. Бұл жайында кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы мәлімдеді. Алғаш рет ұйымдастырылған семинар осы жылдың шілдесінде басталды.

Ауданның ерекшеліктеріне қарай білім беру көкөніс пен дақылдар өсіру мәдениеті, ұсақ әрі ірі мал шаруашылығы, ара шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығын енгізу, ет және ет өнімдерін өндеу технологиясы және т.б. бағыт бойынша жүргізілді.

Төрт ай бойы 135 семинар өткізіліп, 2124 шаруа қожалығының басшылары мен кәсіпорын қызметкерлері біліктіліктерін арттырды. Оқу аяғында барлық қатысушыға сертификат тапсырылды.

Кәсіпкерлер Палатасының агро-өнеркәсіптік кешенді дамыту бөлімінің маманы Дана Жамбулатованың сөзінше, тек еліміздің ғана емес, Франция, Ресей, Венгриядан келген кәсіби ғалым-агрономдардың дәріс беруі – семинардың басты ерекшелігі. Әрбір сабақ инновациялық тәсілдердің қолданылуымен ерекшеленді.

Негізгі мақсат – алынған білім мен тәжірибенің көмегімен бизнесті дамыту. «Семинар арқылы өзімнің кемшіліктерімді түсіндім. Келесі жылы алған тәжірибемді шаруашылығыма енгізуге тырысамын. Мемлекетке бизнесті қолдағандығы үшін көп рақмет», – деді семинардың қатысушысы, «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы Максим Ким.

Нұрила Әбдіманап «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ