Дағдарысты менсінбейтін мамандық

0
636

Қазір сұлулыққа мән бермейтін адам жоқ. Сұраныс жоғары болған соң ұсыныс та аз емес. Бір ғана Алматы қаласында 1095 сұлулық салоны бар. Оның 702-сі шаштараз қызметін ұсынады. Сәуле Утебаева 6 жылдан бері шаштараз кәсібімен айналысып келеді. 7kun.kz тілшілері жақында шаш шеберінде қонақ болып, сән бизнесінің қыр-сырына үңілді.

Сәуле — «Сымбат» сән академиясының түлегі. Оқуды бітірген соң шаштараз мамандығы бойынша Мәскеу қаласында біліктілігін жетілдіріп келген. Алғаш жұмысын түрік сән салонында бастаған. Осы саладағы жұмыс тәжірибесі — 6 жыл.

480

481

Шаштараз кәсібін арнайы курстар арқылы да үйренуге болады дейді кейіпкеріміз. Олардың бағасы оқытушының сапалы білімі мен тәжірибесіне байланысты болады. Кей салондарда үйрету бағасы 100 мың теңгеден басталуы мүмкін. Нақты мөлшерлеме жоқ, сапасына байланысты әртүрлі белгіленеді.

Қазір Алматыдағы сән салондары арасында бәсекелестік жоғары. Бірақ Сәуленің сөзінше, өз ісіңді жақсы білсең бәсеке аса қорқынышты емес. Көп жағдайда бәсеке шеберлігіңді дамытып, ерекше мотивация береді. Бірақ клиент таңдауды басты назарға алу керек. Жынысы қандай? Қандай әлеуметтік топ өкілдері? Егер офис қызметкерлері үшін жұмыс істесеңіз бизнес-орталықтардың жанында орналастыру қажет. Көпқабатты тұрғын үй кешендерінің маңайы да жақсы орын болады. Тұрғындар көп ықшам аудандарда орналассаңыз, бәсекелестікке аса бас ауыртудың қажеті жоқ. Клиенттер барлығына жетеді дейді Сәуле.

Бұл кәсіптің қызығы да сонда — экономикалық өзгерістер де зиянын тигізе қоймайды. Кез-келген қала тұрғыны үшін шаштараздың орындығы әрқашан да қажет.

494

484
Шаш күтіміне арналған құралдар

499

Сұлулық салоны шаш үлгісінің қиындығы мен жылдамдығына байланысты күніне 10-20 клиент қабылдайды. Ұсынған қызметтің сапасына байланысты ай сайын тұрақты клиенттер қалыптасады.

Сәуленің салонындағы шаш құрылғылары  Итальядан тапсырыспен алынады.  Шаш әрлеуге арналған құралдар ай сайын өзгертіліп, жаңадан үлгілеріне тапсырыс беріледі. Кәсіби шаштаразшының аспаптары тұрмыстағыларымен салыстырғанда өзгеше болатыны да рас. Мысалы 20 вольтты кәсіби фенді күніне тоқтаусыз 3 сағаттай қолдану әбден мүмкін. Құралдардың бренді жұмыс істеу сапасына байланысты. Ең қымбаты 170 000 теңге шамасында.

Тауар сатып алғанда «баға-сапа» деген басты критерийге назар аудару керек. Тым көп болмаса да, ұзақ жұмысқа шыдайтын сапалы және кәсіби болуы қажет. «Ешқашан клиенттердің қалауын құрбан етіп, үнемдеуге тырыспаңыз. Әрі шаштараздың жұмыс орны өзі үшін ыңғайлы болғаны дұрыс»,- дейді Сәуле. Барлығы айналасында, қолын созып ала салатындай жерде орналасуы керек.

Шаштаразда тұруы керек негізгі құралдар:

  • шаш қиюға арналған түрлі машиналар (кем дегенде 4 дана)
  • түрлі тарақтар
  • фен, шаш бұйралағыштар
  • сүлгілер
  • шкаф, тумба + журнал үстелшесі
  • гидравликалық кресло
  • үлкен әрі әдемі айна

492

486

487

Дегенмен оның сөзінше, шашты тіктейтін, бұйралайтын құрылғалардың зияны өте көп. Ол қалыңдық пен ұзындыққа кері әсерін тигізеді.  Алайда  айына 1 рет қолданып, алдын-ала  шашты күйдірмейтін терма спрейлер сепкен пайдалы. Сәуледен кеңес, шаш тіктейтін үтіктің орташа температурасы 210 градус болуы керек.

«Салонға бір рет келіп, «шашыма күтім көрсетілді»   деген оймен шектелмей, күнделікті үй тұрмысында да шаш күтімін қолдану қажет. Аптасына 2 рет шашқа маска мен күтім майларын  жасаған жөн» , — дейді шаштаразшы.

«Қандай болса да арзан болсын» дейтін клиенттерден аулақ болған дұрыс. Өзіңіз де сондай шаштараз болуға тырыспаңыз.

488

498

Шаштараздың жалақысы 2 түрлі болады: тұрақты немесе келісілген. Бірақ көпшілігі екінші нұсқа бойынша жұмыс істейді. Аз жалақы, бірақ әрбір клиент табысының белгілі бір пайызын алып отырады. Яғни қаншалықты көп жұмыс істесе, көп табыс табады.  Шаштараздың графигі де тұрақты болмайды. Көбінде клиенттер жиі келетін таңғы және кешкі уақыттарды назарға алу керек.

Жалпы шаштараз ашуға шамамен 4-5 мың доллар аралығында қаржы қажет. Алғашқыда сізге дейін пайдаланылған жиһаздарды алуға болады. Себебі бір залға сапалы 4 кресло орнату үшін орта есеппен 500 000 теңге кетеді. Шаштараздың жеке орнын құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге 2-3 мың доллар керек. Жалға алған орынға айына 600-800 доллар бөлінеді. Көбінде, кеңсені сатып алған тиімді. Табыс өзіңізге көбірек қалады дейді кәсіпкерлер.

489

490Сәуленің айтуынша, шаштараз кәсібін үйренгісі келетін адамға нақты 1 жыл уақыт кетеді. Оның кәсіпті меңгеріп кетуі — үйренушінің бейімділігі мен салаға деген қызығушылығына байланысты.

Жанерке Серікова, Әдемі Борашева «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ