Маңғыстау облысында әлеуметтік нысандар жөнделеді

0
248

Алматы. 15 қараша. 7kun.kz – Осы жылы Маңғыстау облысында «ЖҚЖК – 2020» бағдарламасына байланысты 185 әлеуметтік сала нысаны жөндеуден өтеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылы облыста болатын «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» (ЖҚЖК – 2020) бағдарламасының алғашқы бағытын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 185 инфрақұрылымдық объект жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Жөндеуден өтетін ғимараттар мен мекемелердің 63-і – жетілдіру саласына , 57 – білім беруге, 22 – көлік инфрақұрылымына, 19 – инженерлік – коммуналдық инфрақұрылымға, 16 – мәдениетке, 4 – денсаулық сақтауға, 3 – спортқа, 1 – әлеуметтік қорғау саласына жатады.

Қазіргі уақытта 946 адам еңбек ететін 184 бағдарлама іске асырылып жатыр. Олардың 686-сы «ЖҚЖК – 2020» бағдарламасының қатысушылары.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру үшін 13,7 млрд теңге бөлінді. Республика бойынша 588 инфрақұрылымдық бағдарлама іске асты. 8,6 мың адам жұмысқа орналасты. Ал осы жылы бағдарламаның бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалар саны бойынша, жергілікті атқарушы органдардың өтініштерімен өңірлерге бөлінеді.

Әдемі БОРАШЕВА «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ