Жамбыл облысында кедендік транзит тауарларының көлемі 5,1 мың тонна болды

0
237

Тараз. 16 қараша. 7kun.kz — Бұл туралы Облыстық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Өмірзақов мәлімдеді.

Ерлан Өмірзақовтың айтуынша, 2016 жылдың 9 айында сыртқы сауда айналымы 1 млрд 156 млн 576 мың долларды құрады, жалпы салмағы — 1 млн 457 мың 053 тонна.

Ол сыртқы сауда айналымы 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылдың 9 айында 309 млн 642 мың долларға яғни 21 пайызға азайғандығын айтты. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы үлесі 3,3% құрады.

2016 жылдың 9 айдағы экспорттың жалпы көлемі 1 млн 93 мың 99 тонна болса, ал импорт өнімдері орта есеппен 1 млн 93 мың 954 тоннаны құрады. Сондай-ақ, Ерлан Ролланұлы осы кезең ішінде кедендік транзит бойынша рәсімделген жүк тасымалы 5 мың 130 тоннаға жеткенін атап өтті.

Гүлия Айтуғанова «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ