Түрмеде отырып 45 тонна қияр мен орамжапырақ өcірді

0
171
Фото: inform.kz

Шымкент. 19 қараша. 7kun.kz — Шымкенттегі 7/10 мекемесінде жазасын өтеуші көкнөніс өсіруді қолға алып, биыл 45 тонна  өнім жинады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті хабарлады.

«Төрт жылға сотталушы 43 жастағы Бақытжан мемлекеттік мүлікті талан-таражға салғаны үшін жазаға тартылған. Түрмеде отырып, жеке-кәсіптік қызметпен айналысуға кірісті. Бизнес жоба әзірлеп, оған жергілікті әкімшілік қана емес облыстық кәсіпкерлік басқармасы да қолдау білдірген», — дейді ОҚО ҚАЖ департаментінің өкілі Тұрсынай Рахмет.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Оның айтуынша, қазір жазасын өтеушінің жетекшілігімен әрқайсысының аумағы бір гектардан екі жылыжай жұмыс істейді. «Олардың бірінде қияр, екіншісінде орамжапырақ өсіріледі», — дейді Тұрсынай Рахмет.

«Сонымен қатар, Бақытжан тігін цехын ашты. Айта кетерлігі оның шаруашылығында 10 сотталушы жұмыспен қамтылған», — дейді ол.

Алматы қаласындағы жергілікті телеарна мен республикалық басылымдарда қызметтік тәжірибесі бар. 2016 жылдың маусым айынан бастап сайттың редакторы қызметіне кірісті.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ