Қазақстандық рельстерді енді Ресей мен Өзбекстан сатып алады

Қазақстандық рельстерді енді Ресей мен Өзбекстан сатып алады

0
232

Ақтөбе. 19 қараша. 7kun.kz — Ағымдағы жылы маусымда пайдалануға берілген Ақтөбе рельс-арқалық зауыты өз өнімдерін экспортқа алғаш жеткізуді бастады.

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты (АРАЗ) өзінің рельс өнімдерін Р 51685-2013 ресейлік мемлекеттік стандарты (МЕМСТ) бойынша сертификаттады. Сәйкестік сертификаты АРАЗ-дың рельстерді аталған стандарт қолданылатын елдерге, алдымен Ресей Федерациясына жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

«Посткеңестік кеңістіктегі елдердің көбісі 51685-2013 МЕМСТ бойынша сертификатталған теміржол рельстерін артық көреді. Атап айтқанда, біз жоғарыда аталған ресейлік МЕМСТ бойынша өнімді сертификаттаудың кейінге қалдыру шартымен Өзбекстанға 15 000 тонна рельс жеткізуге келісімге қол қойдық», — деп атап өтті АРАЗ бас директорының бірінші орынбасары Марат Ибрагимов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылғы 9 қарашадағы жағдай бойынша «Узбекистон темир йуллари» АҚ (Өзбек темір жолдары) мекен-жайына 330,8 тонна жөнелтілді. Алдында, қазан айында, зауыт 280,6 тонна көлемінде Ресейге — «Лебединский ГОК» АҚ мекен-жайына рельстердің алғашқы партиясын жөнелтті.

7791561c5f6787fd3a5e094aa5a1c716_resize_w_690_h_390Қазақстанның Даму банкінің мәлімдеуінше, 2016 жылдың қорытындысы бойынша АРАЗ 80 мың тоннаға дейін рельс өндіруді жоспарлауда, олардың 90% астамы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қажетіне, қалған көлемі – қазақстандық пайдаланушыларға және көршілес елдерге экспортқа жеткізіледі.

Еске салсақ, АРАЗ – Еуразиялық Экономикалық Одақ аумағындағы ұзақ өлшемді (120 м) термонығайтылған теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі. АРАЗ құрылысы 2013 жылдың сәуір айында басталды. Жобаның жалпы құны 82,7 млрд теңгені құрады, қажетті қаржыландырудың 70% дейін ҚДБ тарапынан ұсынылды.

АРАЗ илемдік орнағының жобалық қуаттылығы жылына 430 мың тонна прокатты құрайды, оның ішінде 200 мың тонна – жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған термонығайтылған ұзын өлшемді (120 м) рельс, 230 000 тонна – құрылыс секторына арналған бір қалыпта құйылған өнімдер.

 

Алматы қаласындағы жергілікті телеарна мен республикалық басылымдарда қызметтік тәжірибесі бар. 2016 жылдың маусым айынан бастап сайттың редакторы қызметіне кірісті.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ