«Қазақстанның ашық университеті» іске қосылады

0
171

«WikiBilim» қоғамдық қоры «Қазақстанның ашық университеті» онлайн-жобасын іске қосады. Жоба қазақ тілінде видеокурстар ұсынатын алғашқы ресурс болмақ. Бұл туралы қоғамдық қордан хабарлады.

«WikiBilim» қоғамдық қоры президенті Нұрбек Матжанидің айтуынша, бүгінде интернет қолданушылары 5000-нан астам түрлі онлайн курсты пайдалана алады. Оқыту материалдары бар ең танымал алаңдар – Coursera, EdX, Udacity. Бірақ бұлардың көп бөлігі ағылшын тілінде.

Қор жетекшілерінің айтуынша, «Қазақстанның ашық университеті» — еліміздің жетекші жоғары оқу орындары оқытушыларының видео дәрістерін тегін тыңдауға мүмкіндік беретін онлайн алаң. Бұған қоса, дәріс материалдарының 80 пайыздан астамы қазақ тілінде ұсынылады. Жоба жетекшілерінің айтуынша, курс әлемнің жетекші университеттері – Гарвард университеті мен Массачусетс технология институтының тандемімен жасалған Open edX платформасы негізінде іске асырылады.

«Бүгінде курс оқушылар қашан, қай кезде оқу керектігін және өткен материалды неше рет қайталау керек екенін өзі таңдайды. Мұның бәрі диплом үшін емес, білім алу үшін оқитындарға, өмір бойы бір рет қана білім алуды көздейтіндерге емес, үнемі жетіліп, дамуға тырысатындарға қолайлы жағдай туғызады. Бұл – өте маңызды жаһандық тренд», — дейді «WikiBilim» ҚҚ қамқоршылар кеңесінің төрағасы Рауан Кенжеханұлы.

 

Алматы қаласындағы жергілікті телеарна мен республикалық басылымдарда қызметтік тәжірибесі бар. 2016 жылдың маусым айынан бастап сайттың редакторы қызметіне кірісті.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ