Жамбыл облысында мәрмәр тасын өңдейтін зауыт салынады

0
250
Фото: ФедералПресс

Тараз. 25 қараша. 7kun.kz — Жамбылда 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Талас аудан әкімінің орынбасары Қадырбек Рысқұлбекұлы хабарлады.

Ауданда 2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, жалпы құны 1946,0 млн тенгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустриаландыру картасына енгізілді. «Қаратау Про» ЖШС зауыты жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын болады. Қазіргі таңда зауытқа Итальяндық құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Зауыт іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылады.

Сондай-ақ, 2015 жылы ауданда жалпы құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустриалдандыру картасына енгізілді. «Жамбыл Недр» ЖШС-і жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіреді. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді. Зауытты іске қосқан жағдайда 150 — 200 адам жұмыспен қамтылады.


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ