Қазақстандық еттің экспорт көлемі ұлғайды

0
199
Фото:Lada.kz

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандық ет экспорты ЕАЭО-ға жіберілген көлемді қоспағанда, 533,4 тоннаны құрайды. Бұл туралы статистика комитетінен хабарлайды.

Осы жылдың 9 айында сыртқа шығарылған тауар құны $573,2 мыңды құрады. Бұл өткен жылға қарағанда (279 тонна $402,2 мың) 42,5%-ға ұлғайған.

Қазақстандық етті ең көп тұтынушы ел – Тәжікстан.  Бізден 420,2 мың долларға  383,4 тонна ет сатып алған. Қытай (43,3 мың долларға) 91,3 тонна иеленсе, Өзбекстан (101,4 мың доллар) 56,9 тонна ет алды. Ал БАӘ мен Кувейт 6,3 мың доллар мен 1,7 мың долларға 0,9 тонна тауар иеленді.

Еске салайық, осыған дейін Қытай аусыл вирусына байланысты Қазақстаннан келетін ет және ет өнімдерінің экспортына шектеу салып, кейінірек кері шегерген еді.

Айза АБЛАКИМ «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ