Әлемнің қай қаласында 10 долларға түнеп шығуға болады?

0
218

Саяхат кезіндегі ең көп шығынды қажет ететін қажеттіліктің бірі — баспана. Дегенмен қалтаңыз қаншалық жұқа болғанына қарамастан өте ыңғайлы бөлмелер табуға болады. Назарларыңызға әлемнің 10 мегаполисіндегі бар болғаны 10 долларға түнеп шығуға орындар тізімін болатын ұсынамыз. Ақпараттар Airbnb туристік сервисінен алынды.

Түркияда

Фото:Airbnb

Стамбул қаласында 10 долларға мынадай пәтер табуға болады. Бюджетті баспананы қаланың еуропалық бөлігіндегі Галат мұнарасының маңынан немесе мына сілтеме арқылы іздеу керек.

Ресейде

Фото:Airbnb

Фото:Airbnb

Елдегі ең романтикалық қала Санкт-Петербургтан осындай сипаттағы пәтер алуға болады. Екі адамға арналған апартамент Мәскеу вокзалынан 5 минуттық жерде орналасқан. Көне жиһаз, екі адамдық керует, қауашақтағы гүлдер — 10 доллларға лайығы да осы.

Сингапурда

Фото:Airbnb

Бұл жерде 10 долларға қала орталығындағы ғимараттардың 48-қабатынан пәтер алуға болады. Бірақ жалғыз тұрмайсыз, бөлме бірнеше адамға арналған.

Таиландта

Фото:Airbnb

Бангкокта 10 долларға жоғарыдағы сипаттағыдай бөлме жалдауға болады. Балконнан қаланы көрікті бөлігін тамашалай аласыз. Үйдің ауласында бассейн және тренажерлік құралдар бар.

Францияда

Фото:Airbnb

Туристер үшін ең сүйікті қалалардың бірі Парижден де 10 долларға баспана таба аласыз. Тіпті Эйфель мұнарасының маңынан. Бірақ картон қағаздан жасалған үйде тұруға тура келеді. Шағын бөлмеде кішкене керует бар, қаласаңыз достарыңызбен бірге қонуға болады.

Жапонияда

Фото:Airbnb
Фото:Airbnb

Токио арзан қалалардың қатарына жатпайды, бірақ бұл жерден де бюджетті саяхатшы үшін орын табылады. Пәтер метродан 2 минуттық жерде орналасқан. Бір адамға немесе алты адамға дейін тұруыңызға болады, баға өзгеріссіз қалады.

Ұлыбританияда 

Фото:Airbnb
Фото:Airbnb

10 долларға баспана табылмайтын да қалалар да бар. Британия астанасы дәл соның бірі. Мына пәтер үшін иесі 21 доллар сұрайды. Қала орталығынан электричкамен 30 минуттық жерде орналасқан.

 

Редактор

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ