Астанадағы ғимараттар кімнің қаржысына салынған?

0
213
Фото: Литер

Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz — ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы танымал ғимараттардың құрылысына кім қаржы бөлгендігін түсіндірді. Бұл туралы ол КТК арнасынан көрсетілген «25KZ: Новейшая история» фильмінде әңгімеледі. 

«Қазір көпшілігі ұмытып қалды. Мысалы, Сенат ғимараты — алғашында араб ақшалары еді. Ханзада 15 млн доллар әрі шағын кардиоорталық сыйлады. Үкімет үйінің ғимараты — бізге келген мұнай компанияларныкі, мен олардан Астананы салу үшін 25 млн доллар беруін өтінгенмін. Ескі қалада кувейттіктердің салған ғимараты бар, қазір ол жерде ауыл шаруашылық министрлігі. Олар берген 15 млн долларға әкімдікті салдық», — деді Нұрсұлтан Назарбаев фильм авторларына берген сұхбатында.

Оның сөзінше, «Салтанат сарайы» Оман басшысы берген қаржы арқылы пайда болған.

«Оман билеушісі 10 млн долларға чек жазып берді. Мен басқарушыға бердім, ол бұл чек не үшін керек дейді. Мен айттым, барып ғимарат сал. Солай «Салтанат сарайы» пайда болды. Осы арқылы түркиялық компаниялар және басқалар да көмектесті. Сол уақыттағы ірі инвестициялар шамамен 300 млн долларды құрады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Авторадиода жаңалықтар жүргізушісі болған. Іскерлік журналистика мектебінің түлегі. 7kun.kz сайтында 2015 жылдан бастап істейді.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ