7kun анықтамасы: Ардақ Теңгебаев

0
193

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев 1971 жылы дүниеге келді. Білімі жоғары, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» мамандығы бойынша, 2002 жылы — «Қайнар» университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1993 жылы «Қазагроөнеaркәсіпбанк» АК-ның Торғай филиалында маман болып бастады. Салық органдарында жұмысын 1997 жылғы сәуірден бастап, салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бас салық инспекторы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Басқарма бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. 2000 жылғы сәуірден бастап 2002 жылғы тамызды қоса алғанда Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитеті аудит бөлімінің бастығы. 2002 жылғы тамыздан бастап 2003 жылғы ақпанды қоса алғанда Алматы қаласы бойынша Салық комитеті Өндіріп алу басқармасының бастығы. 2003 жылғы ақпаннан бастап 2004 жылғы қазанды қоса алғанда Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттің аға инспекторы, бөлім бастығы, басқарма бастығы. 2004 жылғы қарашадан бастап 2005 жылғы қыркүйекті қоса алғанда «Ақпараттық технологиялар паркі» Салық комитетінің бөлім бастығы, 2005 жылғы қыркүйектен бастап 2007 жылғы тамызды қоса алғанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.  2007 жылғы тамыздан бастап 2009 жылдың мамырына дейін Маңғыстау облысы бойынша Салық департаментінің бастығы, 2009 жылғы мамырдан бастап 2010 жылғы сәуірді қоса алғанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Мамандандырылған басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2010 жылғы сәуірден бастап 2012 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2012 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі. Үйленген, төрт баласы бар. Мерейтойлық медальмен, «Қаржы қызметінің үздігі» ҚР Қаржы министрлігінің төсбелгісімен — 2011 ж. марапатталды. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

 


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ