Алматы кәсіпкерлері спорт және ойын алаңын ашты

0
100

Алматы. 15 желтоқсан. 7kun.kz – Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Алматыда Есентай спорт және ойын алаңы ашылды. Алаң Есентай өзенінің бойында, Әл-Фараби даңғылының төмен жағында орналасқан, деп хабарлайды Алматы қаласы бизнесті басқару және индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл спорт және ойын алаңы басқа алаңдарға Work out, Street ball және балаларға арналған ойын алаңдарымен ерекшеленеді. Осындай алаңдар Наурызбай ауданында, Сейфуллин және Шолохов көшелерінің қиылысында, КИМЭП жоғары оқу орнының жанында орналасқан.

«Алматы кәсіпкерлері тарпынан бұл бастамалар салауатты өмір салтын ұстануға және дене шынықтырумен айналысуға халықты шақыру жолы. Бүгінгі таңда бизнес-қауымдастықтың әлеуметтік жауапкершілігі жоғарғы деңгейде екені көрінеді. Үлкен алғысымды білдіргім келеді», — деді Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Танат Айдарбеков.

Ал осындай спорт алаңын ашуға ат салысқан «Астана Банк» АҚ-ның басқарушы директоры Мұхтар Жанғабыловтың айтуынша, кәсіпкерлер балаларды және жастарға арналған мұндай әлеуметтік жобаларды қуана іске асырады.

«Қазіргі компьютерленген және электрондық гаджеттер ғасырында балалар көп уақытын теледидар немесе смартфондардың алдында отырып жұмсайды. Бала далаға шығып ойнап, серуендеуі керек. Әрбір адам денсаулығын сақтап, дене шынықтырумен айналысуы қажет. Сондықтан, жақсы жабдықталған ашық кеңістікте белсенді ойындар мен спорт түрлері бойынша балалар мен ересектерге арналған спорт және ойын алаңдары арқылы әрбір адам өзін дамытуға мүмкіндік алады», — деп атап өтті Жанғабылов.

Жансая Совет , «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ