Желтоқсан оқиғасы кезінде түсірілген сирек суреттер

0
273

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақ ССР компартиясы орталық комитеті пленумы шұғыл өткізіліп, ұзақ жылдар бірінші хатшы болып істеген Дінмұхаммед Қонаев қызметтен алынды. Оның орнына Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Геннадий Колбин тағайындалды. Ал бұл шешімге келіспеген қазақ жастары наразылық танытып, 17-18 желтоқсанда Алматыда Брежнев алаңына (қазіргі Республика алаңы) жиналған. Назарларыңызға Азаттық радиосы тапқан сирек суреттерді ұсынамыз.

Мәскеудің саясатына наразылық білдіріп Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға келе жатқан қазақ жастары. Желтоқсан, 1986 жыл. Болатбек Төлепбергеннің «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы сурет.

Мәскеудің саясатына наразылық білдіріп Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға келе жатқан қазақ жастары. Желтоқсан, 1986 жыл. Болатбек Төлепбергеннің «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы сурет

Алматыдағы Брежнев атындағы алаңындағы көтерілістің көрінісі. Желтоқсан, 1986 жыл. Болатбек Төлепбергеннің «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы сурет.
Алматыдағы Брежнев атындағы алаңындағы көтерілістің көрінісі. Желтоқсан, 1986 жыл. Болатбек Төлепбергеннің «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы сурет.

Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға жиналған жастар. Сурет Алматыдағы Орталық мемлекеттік архивтен алынды.  

Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға жиналған жастар. Азаттық радиосы суретті Алматыдағы Орталық мемлекеттік архивінен алған.

baursak.info

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі. 2015 жылдан бастап сайттың редакторы.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ