Қазақстандық туристерге Түркияда сақтық шараларын ұстану жайлы кеңес берілді

0
180
Фото:vesti.dp

Астана. 20 желтоқсан. 7kun.kz — ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаменті Түркияда жүрген қазақстандық туристерге сақ болу, қонақ үйден ұзамау және адам көп жиналған орындарға бармау жөнінде кеңес берді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті Түркия аумағындағы қазақстандық туристерді қонақ үйден ұзамауға және адам көп жиналған орындарға бармауға шақырады», — деп жазды ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали өзінің Facebookтегі парақшасына.

Еске сала кетсек, 2016 жылы 19 желтоқсанда Анкарада «Ресей Калининградтан Камчаткаға дейін» атты көрменің ашылуында Түркия Республикасындағы РФ Төтенше және өкілетті елшісі Андрей Карловқа қастандық жасалды және ол алынған жарақаттан мерт болды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Анкарадағы ресейлік дипломатқа жасалған қастандықты қатаң сынады және аталған оқиғаға Түркия құқық қорғау органдары мұқият тергеу жүргізетіндігіне сенім білдіреді. Сондай-ақ Марат Иғали марқұмның туған-туыстары мен жақындарына және әріптестеріне көңіл айтты.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Авторадиода жаңалықтар жүргізушісі болған. Іскерлік журналистика мектебінің түлегі. 7kun.kz сайтында 2015 жылдан бастап істейді.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ