Uber ІІІ тоқсанды $800 млн шығынмен аяқтады

0
182
Фото:kapital.kz

Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz — Uber 2016 жылдың ІІІ тоқсанынын $800 млн шығынмен аяқтады. Financial Times-тің жазуынша бұған себеп – Lyft-пен арадағы «баға қақтығысы» және компанияның жаңа бастамаларының шығыны көп болған.

Uber жариялы компания емес. Сондықтан қаржылық есебін жарияламайды. Бірақ, компанияның қаржы директоры Гаутам Гупта акционерлер алдында телеконференция аясында есеп беріп тұрады. The Information сайтының жазуынша Uber-дің шығыны биылғы жылдың соңында $2,8 млрд-тан асуы мүмкін. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 25%-ға жоғары. 2016 жылдың қорытындысы бойынша компанияның табысы $5,5 млрд болуы мүмкін.

Uber қазіргі кезде 70 мемлекеттің 530 қаласында қызмет көрсетеді. ТМД аумағында Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Қазақстан мен Украинада бар. Uber, Uber 3 квартал, Uber шығын, Uber табысы

Редактор

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ