Телеграм – тілдесудің жаңа құралы

0
272
Фото:TJournal

Майл.ру, Фейсбук, Вконтакте — қалай өмірге келгені, қандай қызмет ұсынатыны барлығына белгілі. Енді назарда — Telegram.  Apple-ден кетіп, оған бәсекелес компания құрған Стив Джобстың карьерасын қайталаған ресейлік бағдарламаушының жобасы туралы толығырақ таныстырамыз. 

Телеграм – 2013 жылы жарық көрген әлеуметтік желі. ВКонтактінің негізін қалаушы Павел Дуров келіспеушіліктерден кейін компаниядан кеткен соң қауіпсіз деп танылатын сервисті дүниеге әкелді. Әлемнің 50-ден астам мемлекетінде қолданылады.

Офисі Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында болғандығына қарамастан телеграм командасының орталығы ол жерде емес. Telegram-ның бас-офисі Берлинде орналасқан. Себебі, сервис өкілдерінің айтуынша, Германия аумағында орналасу оларды арнайы қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз етеді.

WhatsApp-ты фейсбук сатып алғаннан кейін, қолданущылардың көбісі басқа ыңғайлы мессенджерге ауысу қажет деп тапты. Осы жылдың ақпан айының көрсеткіші бойынша Телеграм Чили, Мексика, Италия, Испания, Германия, Нидерланды және Таяу Шығыс елдерінде көш бастап тұр. Осылайша аз уақыт ішінде жаңа желі үлкен жетістікке жетті.

Telegram-ды барлық хабарламалар бұзып кіруден қорғалған. Осы функциясы арқылы кеңінен танымал болды. Қолданушыларының мәліметтерін америкалық бақылау қызметіне ұсынады дейтін Facebook тәрізді жанжалдарға жолай қойған жоқ. Террористік ұйымдардың көпшілігі де Telegram каналдары арқылы байланысады деседі. Дегенмен мамандардың сөзінше, сервис барлық хабарламаларды құпияландырмайды. Сіз тек белгілі бір фунцияны қосқаннан кейін ғана ақпаратыңыз сақталған болып есептеледі.

Фото:xakep.ru

Павел Дуров Telegram-ды қалай таныстырады?

  • Бүгінде Telegram Messenger iOS, Android, Windows Phone, Win, Mac OS және Linux, сонымен қатар веб-нұсқа түрінде де жұмыс істейді. Ғаламтордан алынған статистика бойынша, 2014 жылдың наурыз айында WhatsApp қолданушылары 550 млн-ды құраса, телеграмның белсенді қолданушылары 35 млн-ға жеткен.
  • 2015 жылдың соңынан бастап Телеграм құпия чат функциясын іске қосты. Бұл қызмет бойынша хабарламалар белгілеген уақытта ғана көрсетіліп, кейіннен автоматты түрде өшіп отырады. Сонымен қатар көлемі 1 Гб дейінгі файлдарды жіберуге болады. Және қатысушылар саны 100 адамға дейін құрайтын мультичаттар ашуға болады.
  • Бұл мессенджердің құрастырушылар мақтан ететін тағы бір артықшылығы. Бағдарлама шынымен де өте жылдам жұмыс істейді. Деректер онлайн-қорда сақталады, ал серверлері әртүрлі елдерде орналасқан. Ол қажетті ақпаратты жылдам табуға көмектеседі.
  • Экранға толығымен ашылып тұрған суретті алып тастау үшін, оны саусақпен жоғары көтере салса жеткілікті. Ал жабу үшін кескіннің үстінен басса болды. Бұл шынымен де ыңғайлы байқап көріңіздер!
  • Гуглдан қажетті дүниені бағдарламадан шықпай-ақ іздей беруге болады. Сонымен қатар, суретті жіберу үшін оны міндетті түрде телефонға  жүктеудің да қажеті жоқ. Желіде отырып-ақ тікелей жібере беруге болады.
  • Telegram-ды компьютер арқылы қолданғанда тағы бір әдіс бар. Хатты браузер терезесіне сақтап, хабар теретін кезде көшіріп қоя салуға болады. Бұл әдіс біраз уақытыңызды үнемдейді.

Толығырақ айта кетсек, құпия чаттар – екі адам ғана қатыса алатын Telegram-дағы арнайы чат түрі. Ол жоғары қауіпсіздендірілген. Құпия чаттағы хабарламалар Telegram серверлері арқылы жіберілген болса да, хабар жеткізілгеннен кейін бірден өшіп отырады. Чаттың екі қатысушыларының байланыс құралдарында ғана сақталады. Құпия чаттарда қабылданған суреттерді сақтауға болмайды. Бірақ өзгеруі мүмкін. Оның орнына скриншот жасауға тыйым салынады.

Telegram конкурсы жеңімпазсыз аяқталды

Құрастырушылар Телеграмды барынша қауіпсіз әрі сенімді мессенджер ету үшін барын салуда. Наурыз айында сыйлық қоры 200 мың доллар құраған үш айлық конкурс өткізілді. Мақсаты – ағайынды Дуровтардың хабарламаларын ашып, хаттан жауап беруге қажетті электронды поштаның мекен-жайын табу.

Жеңімпаз табылды, бірақ ол тапсырманы толығымен орындай алмады. Қауіпсіздіктің бір осал тұсын тапқанымен де, хатты ашып оқи алмады. Нәтижесінде сыйақының тек жартысын иеленді. Осы жолмен Телеграм көптеген үлкен қауіпсіздік сақтау мамандарының назарын аударды. Олардың құнды ақылдары мен пікірлерін алды. Сол арқылы өз сервистеріне де жөндеулер енгізді.

Фото:3DNews

Telegram-да екі ресми және онға жуық ресми емес версиялары бар

 Ресми дегеніміз яғни Telegram өз клиенттерің сапасын және авторлығын мойындайды. Telegram-ның ресми қолданушылары тек екеу. Олар: iPhone және Android.

Ресми емес қолданушылардың ішінде Windows, Mac OS X, Linux клиенттері, Игорь Жуковтың браузерлік версиясы, және Android-қа арналған тағы бір S-edition клиенті бар. Сонымен қатар, Windows Phone-ның жеті әртүрлі тұтынущылары бар.

Telegram клиенттерінің бастапқы коды (Android, iOS және Linux командалары үшін) ашық және еркін жүктеуге мүмкіндік бар. Ол GNU GPL 2.0 бойынша лицензияланғандықтан коммерциялық мақсатта да қолдануға болады.

Telegram серверлері әлемнің әртүрлі бес нүктесінде орналасқан

 Telegram құжаттары сақталатын серверлердің әлем бойынша бес нүктесі бар. Еуропалық қолданушыларға Лондондағы дата-орталығы қызмет көрсетеді. Азияға – Сингапурде. Ал мексикалық қолданушыларға – Сан-Франциско қызмет көрсетеді. Орталық сақтау сервері деген жоқ. Барлығы тәуелсіз жұмыс атқарады. Қолданушылар әртүрлі дата-орталықтарға қосылып, ауыса алады.

Telegram дата-орталықтарын басып алудың пайдасы жоқ

Дата-орталықтарда деректер қатқыл дискте шифрленген түрде сақталады. Сондықтан орталықты басып алып, дискті қолға түсіргеннің өзінде де хабарламаларды аша алмайды. Әрбір кластер арнайы кілтпен шифрленген. Ал ол кілт тек қолданушының құралында ғана сақталады.

Мөлдір ИМАНМӘДИ «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ