Астанада тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 17,3% болды

0
126
Фото: vechastana.kz

Астана. 26 желтоқсан. 7kun.kz — 2016 жылғы қаңтар-қарашада тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 123681,1 млн теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде .

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 18863 пәтерге арналған тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2028016 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-қарашадағы деңгейден 35,7%-ға жоғары.

Жеке салушылармен жалпы ауданы 147547 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2015 жылғы қаңтар-қарашаvty cалыстырғанда 2,3 есеге артық. Тұрғын үйлерді  пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 7,3%-ды құрады, 2015 жылғы қаңтар-қарашада 4,3%-ды құраған болатын.

Астанада 2016 жылғы қаңтар-қарашада тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты шығыны 128,5 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен тұрғызылғаны 103,4 мың теңгені құрады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі. 2015 жылдан бастап сайттың редакторы.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ