Kira Plastinina: ең жас, ең табыссыз бренд

0
131
Фото:t-tprint.ru

 Kira Plastinina маркасының авторы – ресейлік ең жас дизайнер Кира Пластинина. Өзінің бренд киім-кешектерімен бүкіл әлемнің аруларының жүрегін жаулап алғысы келетін кәсіпкердің тауарлары әлемнің бірқатар елдерінде сатылады. Бірақ соңғы жылы еліміздегі бірнеше дүкендері жабылды. Бірақ миллиардтаған қаржы салған бренд өз-өзін ақтай алған жоқ. 

Kira Plastinina маркасының алғашқы көрсетілімі 2007 жылдың наурыз айында өтті.Бүгіндері Кира Мәскеуде, Америка Құрама Штаттарында, Еуропада өтетін сән апталықтарының тұрақты қатысушысы. Сонымен қатар, оның  LUBLU Kira Plastinina атты арнайы бәйгесі де бар.

Кира Пластинина деген кім?

Ресейлік ең жас модельер Кира Пластинина 1992 жылдың 1 маусымында Сергей Пластинов пен Татьяна Пластининаның отбасында дүниеге келген. Отбасында Кирадан басқа Александр мен Антонина есімді ұлдары бар. Әкесі Сергей Пластинин – ресейлік  «Вимм-Билль-Данн. Продукты питания» тағамдық өнеркәсібінің акционері, атақты ресейлік бизнесмен. Оның қаржысы 350 миллион фунтпен бағаланып отыр.

Бала кезінен Кира сурет салғанды ұнатты, жаны сәнге жақын болды, тіпті қуыршақтарына көйлекті өзі тоқыды. Қызының талантын байқаған әкесі, оны қолдауды жөн көреді. Осылай Кира Пластинина 14 жасында өзінің жеке брендінің иесі атанды. Сабақтан сон кішкентай Кира офиске барып, дизайн-лабораторияда жұмыс істеді. Ал кешкісін келіп күнделікті сабағын орындады. Пластинина Мәскеуде англо-американдық мектепті бітірген, қазір АҚШ университетінде білім алуда.

Фото:NikLife

Кираның сән әлеміндегі алғашқы қадамы 2006 жылы басталды. Сергей Пластинин дүкендер желісін құрғанға кәсібилер командасын жинады және олар өнім маркасын «Кира Пластинина» деп ойлап тапты. Осылай нарықта «Кира Пластинина» бренді дүниеге келді. Бренд дизайнын жас дизайнер «art-glamour-sportive-casual» деп таңдады. Киімдері негізінен 20-25 шамасындағы қыздарға арналады. Кираның гардеробының 99-ы – өзінің маркасы. Сондықтан Кира өзіне ұнаған киімдерді тігетінін айтады.

Кираның өнердегі жолы 2007 жылы 14 наурызда басталды. Бұл күні Kira Plastinina маркасының алғашқы көрсетілімі өтті. Осылай Ресейдің ең жас дизайнері өмірге келді. Осы күні Ресейдің «Европейский» сауда орталығында Кира Пластининаның алғашқы монобрендті магазині ашылды. Сонымен қатар, осы жылы ол бірінші каналдың «Фабрика звезд-7» жобасының ресми дизайнері атанып, концертке қатысушылардың сахналық образдарын өзі таңдады.

Мәскеудегі Kira Plastinina магазинінің өнімдерін алға жылжыту және жарнамалау үшін 2007 жылы Ресейге американдық фотомодель, актриса Пэрис Хилтон да келіп кетеді. Кейбір деректерге қарағанда, Хилтонның келуі Пластининдықтарға 2 миллион доллар көлемінде шығын келтірген екен. Ресейдегі маркасын дамыту және Қытайдағы өкілеттілігін құру үшін Сергей Пластинов 35 миллион доллар ақша жұмсапты. Америкадағы 12 дүкенін ашу үшін дәл осы суммадай ақша жұмсалған екен. Бірақ 2008 жылғы кризистің салдарынан Америкадағы барлық дүкендері жабылды.

Қазіргі уақытта Кира – Ресейдегі  pret-a-porter сән Ассоциациясының мүшесі, Ресейдегі апта сәнінің тұрақты қатысушысы.

Фото:Surfingbird

2011 жылдың басында Кира Пластининаның 120-дан астам дүкендері болды. Бүгінде  кәсіпкердің тауарлары Ресей мен Америкадан басқа, Қазақстан, Белоруссия, Украина, Филиппин, Қытай, Италия және Ұлыбритания елдерінде сатылады.

Алайда, Қазақстандағы сауда орталықтарында Kira Plastinina брендінің бутиктері жабыла бастады. Forbes.kz жазуынша 1,5 млн доллар инвестиция салынған Қазақстандағы дүкендер желілері саны азая түсуде.

2014 жылы Қазақстанда аталған брендтің 25 дүкені жұмыс істеп тұрды, компания жоспары бойынша олардың саны әлі де өсуі тиіс еді.

Алайда жарты жыл бұрын Kira Plastinina бутиктері жабыла бастады. Қазір Алматыда компанияның бір ғана дүкені бар, MEGA Park сауда орталығында орналасқан дүкеннің сөрелері де жартылай бос.

Forbes.kz сарапшылары сұрау салған сауда кешендерінің көпшілігі, ресейлік бренд бутиктерінің жабылғанын растағанымен, оның себебін айтудан, толығырақ түсіндіруден бас тартқан. Kira Plastinina брендінің «Вконтакте» әлеуметтік желісінің парақшасындағы модератор дүкендердің жабылуына олардың тиімсіздігі себеп болғандығын хабарлаған. «Компания шығындарын қысқартып, табысы аз дүкендерін жауып жатыр. Өкінішке орай, Қазақстандағы интернет-дүкен де жұмыс істемейді», — дейді ол.

Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, қазір Кира Пластинина желісінің дүкендер саны әлдеқайда қысқарған.

                                                                                         Ұлбосын НАЙЗАҚҰЛ «7»

«Іскерлік журналистика мектебі» — қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындау мақсатымен іске қосылған жоба.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ