Ұлттық Банктің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

0
188

1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің миссиясы және пайымы

Баға тұрақтылығын және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы Қазақстан халқының материалдық әл-ауқатын жақсарту Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) миссиясы болып табылады.

Ұлттық Банктің пайымы: Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тиімді ақша-кредит саясаты және тұтынушыларды сапалы қаржылық қызметтермен қамтамасыз ететін орнықты қаржы секторы.

2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару

1-стратегиялық бағыт. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету

  1. Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу. Инфляцияны нысаналы дәлізде ұстап тұру

1.1. Реттелетін қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері Ұлттық Банктің 2011-2015 жылдардағы негізгі мақсаты жылдық инфляцияны 6-8% шегінде ұстап тұру болды. 2011-2013 жылдар қорытындысы бойынша жылдық инфляция нысаналы дәліз шегінде қалыптасты: 2011 жылы – 7,4%, 2012 жылы – 6,0%, 2013 жылы – 4,8%.

Осы кезеңде инфляциялық процестер бірқатар факторлардың әсерімен қалыптасты, олардың ішіндегі неғұрлым маңыздылары әлемдік тауар нарықтарындағы тұрақсыз ахуал, шикізат пен азық-түліктің әлемдік бағасының жоғары деңгейі, Қазақстан ішіндегі баға белгілеу тетігінің тиімсіздігі, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген нарықтарында бәсекелестіктің төмендігі болды.

2011 жылдың 2-жартыжылдығынан бастап елдегі инфляциялық процестердің баяулау үрдісі байқалды, ол 2012 жылдың 1-жартыжылдығында да жалғасты. 2012 жылдың күзінен бастап ақылы қызметтер, оның ішінде тұрғын-үй коммуналдық, көлік қызметі тарифтерінің көтерілуіне, 2012 жылы жаздың қуаңшылығынан астықтықты жинау болжамының төмендеуіне, сондай-ақ маусымдық факторларға байланысты инфляцияның аздап жылдамдауы байқалды. Соған қарамастан, 2012 жылы инфляция болжамдық өлшемдерден асқан жоқ, жылдық инфляция серпіні 1999 жылғы мамырдан бергі ең төмен деңгейді көрсетті.

2013 жылы инфляциялық процестердің баяулау үрдісі байқалды. Бағаның ең көп өсуі ақылы қызметтерге (8,0%-ға) тиесілі болды, азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны қалыпты (әрқайсысы 3,3%-дан) күйде қалды.

2011-2013 жылдары инфляциялық процестер монетарлық факторлар тарапынан ең төмен әсердің болуы аясында қалыптасты. Мәселен, ақша массасының өсуі 2011 жылы 15,0%-ды құрады, ақша базасы 10,3%-ға кеңейді, 2012 жылы тиісінше – 7,9 және 1,9%, 2013 жылы – 10,2% және 2,2% болды. Экономикадағы ақша ұсынысы, тұтастай алғанда, экономиканың өсуіне сәйкес келетін деңгейде сақталды.

Нақты сектордағы және ауыл шаруашылығындағы өндірістің өсуімен қатар жүрген Қазақстанның тұрақты макроэкономикалық дамуы экономикадағы жиынтық ұсыныстың өсуімен және нарықтың тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілуімен көрінді. Дегенмен, монополияландырудың жоғары болуы және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген нарықтарындағы бәсекелестіктің төмен болуы инфляциялық күтулердің сақталуына ықпал етті.

Монетарлық факторлардың инфляцияға әсері барынша аз болды. 2013 жылы ақша агрегаттары қалыпты қарқынмен өсті. 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда ақша базасы 2,2%-ға тарылды, ақша массасының өсуі 10,2% болды, қолма-қол ақша көлемі 1,0%-ға қысқарды. Экономикадағы ақша ұсынысы, тұтастай алғанда, экономиканың өсуіне сәйкес келетін деңгейде сақталды.

2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы инфляцияның жылдамдауы ұлттық валютаның айырбастау бағамының 2014 жылғы ақпанда түзетілуімен және импортталатын тауарлардың қымбаттауымен, сондай-ақ маусымдық факторлармен байланысты болды. Алайда, теңгенің түзетілуінің баға белгіленіміне ықпалы қысқамерзімді әрі шектеулі болды. 2014 жылғы ақпанда инфляция деңгейі 1,7%-ды, 2014 жылғы наурызда 1,0%-ды құрады. 2014 жылғы сәуірден бастап айлық инфляция деңгейі төмендеді және өткен жылдардың үрдісіне сәйкес келді. Инфляция деңгейінің төмендеуіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағалар мен тарифтердің негізсіз өсуін ұстап тұру жөніндегі шаралары да ықпал етті.

2014 жылғы тамызда ішкі нарықта бензин және дизель отыны бағасының өсуі 2014 жылғы екінші жартыжылдықта инфляция деңгейінің аздап ұлғаюына әкеп соқты. 2014 жылдың соңына қарай мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауынан 2014 жылғы желтоқсанда бензин және дизель отынының шекті бөлшек бағасының төмендеуімен байланысты инфляция деңгейінің төмендеуі байқалды. Сонымен бірге инфляция қарқынының баяулауына қазақстандық өндірушілердің өнеркәсіп өнімі бағасының өсу қарқынының төмендеуі, сондай-ақ Ресей рублі айырбастау бағамының арзандауынан Ресей Федерациясынан импортталатын тауарлардың арзандауы әсер етті. Осылайша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 7,4%-ды (2013 жылы – 4,8%) құрады, бұл белгіленген нысаналы дәлізге сәйкес келді.

Инфляциялық процестер 2015 жылы түрлі бағытта дамыды. 2015 жылғы қаңтар – тамыз аралығында инфляцияның өсу қарқыны үздіксіз төмендеді. Егер 2015 жылғы қаңтарда жылдық инфляция 7,5% болса, тамызда ол 1999 жылғы мамырдан бергі ең төмен деңгейге – 3,8%-ға жетті.

2015 жылғы тамызда Қазақстанда теңгенің өзгермелі айырбастау бағамы енгізілді. Мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі және валюталық бағам қалыптастырудың жаңа қағидаттары жағдайында Қазақстанның негізгі сауда әріптестері валюталарының әлсіреуі нәтижесінде теңге айтарлықтай әлсіреді.

Қазақстан экономикасының ашықтығын және тұтыну құрылымында импортталатын тауарлар үлесінің айтарлықтай жоғары екендігін ескерсек, теңгенің әлсіреуі баға белгіленімге әсер етті. Соның нәтижесінде 2015 жылғы қазан-қарашада инфляцияның күрт құбылуы (тиісінше 5,2% және 3,7%) байқалды. Осылайша, 2015 жыл бойы бағаның айтарлықтай өсімі 2015 жылғы төртінші тоқсанға тиесілі болды және жылдық инфляция 2015 жыл қорытындысы бойынша 13,6%-ды құрады.

2015 жылғы желтоқсаннан бастап инфляция айлық көрсеткіш бойынша тұрақтанды және өткен жылдардың осындай кезеңіне сәйкес келеді. Қысқамерзімді кезеңде статистикалық есептің ерекшеліктерін ескерсек, жылдық инфляция жоғары күйде қалатын болады.

Елде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны 6-8% шегінде ұстап тұру Ұлттық Банктің 2011-2015 жылдардағы негізгі мақсаты болды. 2011 жылы ақша-кредит саясатының шаралары елдің тұтыну нарығында тұрақтылықты сақтап тұруға мүмкіндік берді. 2011 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция нысаналы дәліз шегінде 7,4% деңгейінде қалыптасты.

2009 жылдың соңынан басталған ұлттық валютаның нығаю үрдісі 2011 жылдың басында да жалғасты. Осыған байланысты 2011 жылғы ақпанның соңында Ұлттық Банк валюталық дәлізді жоя отырып, теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбастау бағамы режіміне көшті. Бағамның айтарлықтай ауытқуына жол бермеу және валюта нарығында тұрақтылыққа қолдау көрсету мақсатында Ұлттық Банк жағдайға қарай шетел валютасын сатып алушы ретінде де, сатушы ретінде де нарыққа қатысты.

2011 жылы Ұлттық Банктің пайыздық мөлшерлемелерінің дәлізі өзгерді. Жылдың басында инфляциялық қысымның күшеюіне байланысты Ұлттық Банк 2011 жылғы 9 наурыздан бастап ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 7,0%-дан 7,5%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

Ақша нарығындағы қысқамерзімді мөлшерлемелер дәлізінің төменгі шегі болып табылатын банктерден тартылатын депозиттер бойынша мөлшерлеме 2011 жыл бойы өзгерген жоқ, 7 күндік депозиттер бойынша 0,5% және 1 айлық депозиттер бойынша 1,0% болды. Ақша нарығындағы қысқамерзімді өтімділікті реттеуді Ұлттық Банк қысқамерзімді ноттарды шығару және банктерден депозиттер тарту арқылы жүргізді. Пайыздық мөлшерлемелердің ең төменгі деңгейде сақталуына қарамастан, бұл құралдарға деген банктер тарапынан сұраныс бүкіл жыл бойы жоғары деңгейде қалды.

Жекелеген банктердің сұратуы бойынша Ұлттық Банк олардың ағымдағы өтімділігіне қолдау көрсету үшін қайта қаржыландыру қарыздарын берді. Бұл операциялардың мерзімі 1 айдан асқан жоқ.

Ең төменгі резервтік талаптар тетігі 2011 жылы өзгерген жоқ. Сонымен бірге банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптар нормативтері 2011 жылғы 31 мамырдан бастап ішкі міндеттемелер бойынша 1,5%-дан 2,5%-ға дейін, өзге міндеттемелер бойынша 2,5%-дан 4,5%-ға дейін көтерілді.

2012 жылдың 1-жартысында банктер тарапынан сіңіру құралдарына деген сұраныс жоғары күйде қалды. 2012 жылдың 2-жартысында банк секторында өтімділік көлемінің төмендеуі байқалды және, тиісінше, банктер тарапынан Ұлттық Банктің өтімділікті алу жөніндегі құралдарына деген сұраныс қысқарды.

Қайта қаржыландыру қарыздарына деген сұраныс бүкіл 2012 жыл бойы шектеулі болды. 2012 жылы ең төменгі резервтік талаптар тетігіне ақша-кредит саясатының жаңа трансмиссиялық тетігін енгізу шеңберінде сол ең төменгі резервтік талаптарды айқындау, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін банктер қабылдайтын міндеттемелер құрылымы және резервтік талаптар құрылымы бөлігінде өзгерістер енгізілді. Мәселен, резервтік активтер құрылымынан касса мен шетел валютасындағы корреспонденттік шоттар алып тасталды. Банктердің резервтік активтерін теңгемен активтер есебінен ғана қалыптастыру Ұлттық Банкке ақша нарығында бос теңге өтімділігі деңгейін барабар бағалауына, ұлттық валютаға деген сұраныстың өзгеруіне неғұрлым нақты ден қоюына және, тиісінше, өтімділікті реттеу жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Банктердің міндеттемелерін қысқамерзімді (1 жылға дейінгі) және ұзақмерзімді (1 жылдан аса) деп саралаудың қосымша өлшемшарты да енгізілді. Міндеттемелердің әрбір түрі бойынша жекелеген нормативтер енгізілді: ішкі қысқамерзімді міндеттемелер бойынша – 2,5%, ішкі ұзақмерзімді міндеттемелер бойынша – 0%, сыртқы қысқамерзімді міндеттемелер бойынша – 6,0%, сыртқы ұзақмерзімді міндеттемелер бойынша – 2,5%.

Инфляция қарқынының төмен болуы ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 2012 жылғы ақпандағы 7,5%-дан 2012 жылғы тамызда бұрын-соңғы болмаған 5,5%-ға дейін біртіндеп төмендету үшін негіз болып табылды. Ұлттық Банктің пайыздық мөлшерлемелері дәлізінің төменгі шегі болып табылатын банктерден тартылатын депозиттер бойынша мөлшерлеме 2012 жыл бойы өзгерген жоқ, 7 күндік депозиттер бойынша 0,5% және 1 айлық депозиттер бойынша 1,0% болды.

2012 жылы Ұлттық Банк басқарылатын өзгеру режімі шеңберінде бағам саясатын жүзеге асыруды жалғастырды. Ақша-кредит саясатын жүргізу шеңберінде Ұлттық Банк 2013-2015 жылдары ақша-кредит саясатының жаңа трансмиссиялық тетігін кезең-кезеңімен енгізді, оны әзірлеу және енгізудің бірінші кезеңі 2012 жылы басталды. Ақша-кредит саясаты құралдарының тиімділігін арттыру, сондай-ақ валюталық арнаның рөлін төмендету және Ұлттық Банктің пайыздық мөлшерлемесінің, яғни пайыздық арнаның рөлін күшейту ақша-кредит саясатының жаңа трансмиссиялық тетігін әзірлеудің негізгі мақсаты болды.

Жаңа тетік қолданыстағы құралдарды жетілдіруді және жаңаларын енгізуді болжады, олар ашық нарық операциялары, тұрақты тетіктер, ең төменгі резервтік талаптар тетігі болып бөлінеді. Ақша нарығындағы қысқамерзімді өтімділікті Ұлттық Банк өтімділікті беру жөніндегі де, алу жөніндегі де операцияларды жүргізу арқылы реттеді. 2013 жылы өтімділікті сіңіру жөніндегі операцияларға деген банктер тарапынан сұраныс (қысқамерзімді ноттарды шығару және депозиттер тарту) біртіндеп қысқарды. Бұған банк секторындағы бос теңге өтімділігі көлемінің төмендеуі ықпал етті.

Қайта қаржыландыру қарыздары (өтімділікті беру бойынша операциялар) бүкіл 2013 жыл бойы шектеулі сұранысқа ие болды. Инфляцияның төмен қарқындары 2013 жылы ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін жылдық 5,5% деңгейінде сақтау үшін негіз болды. Банктерден тартылатын депозиттер бойынша мөлшерлеме бүкіл 2013 жыл бойы өзгеріссіз қалды және жеті күндік депозиттер бойынша 0,5% және бір айлық депозиттер бойынша 1,0% болды.

Пайыздық саясатты жетілдіру шеңберінде Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу қағидалары бекітілді. Осылайша, кредиттік аукцион бойынша операцияларды жүргізу үшін қажетті база (нормативтік-құқықтық және техникалық) дайындалды.

2013 жылғы ең төмен резервтік талаптардың нормативтері: ішкі қысқамерзімді міндеттемелер бойынша – 2,5%, ішкі ұзақмерзімді міндеттемелер бойынша – 0%, сыртқы қысқамерзімді міндеттемелер бойынша – 6,0%, сыртқы ұзақмерзімді міндеттемелер бойынша – 2,5%. Бағамның айтарлықтай ауытқуын болдырмау және валюта нарығындағы тұрақтылықты ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк ортақ нарықтық үрдістер сақталған кезде көрсетілген нарықтардағы ахуалға байланысты биржалық және биржадан тыс нарықтарға шетел валютасын сатып алушы, сол сияқты сатушы ретінде қатысты.

2014 жылы ақша нарығындағы ахуал түрлі бағыттағы үрдістермен сипатталды. 2013 жылдың соңында АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің сандық жұмсарту бағдарламасының тоқтатылуы және капиталдың дамушы нарықтардан дамыған мемлекеттердің нарықтарына ауысуы салдарынан дамушы елдердің ұлттық валюталарының айырбастау бағамының әлсіреуі байқалды. Нәтижесінде, Қазақстанның ішкі валюта нарығындағы девальвациялық күтулер де күшейе түсті.

Осы жағдайларда 2014 жылғы ақпанда +/-3 теңге ауытқу дәлізін белгілей отырып бір АҚШ доллары үшін 185 теңге деңгейінде теңгенің айырбастау бағамына түзету жүргізілді. 2014 жылғы ақпанда теңгемен құралдардың тартымдылығын арттыру мақсатында 7 күндік мерзімге тартылатын депозиттер бойынша мөлшерлемелер 0,5%-дан 2,75%-ға дейін, 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап 3,05%-ға дейін көтерілді, 1 ай мерзімге депозиттерді тарту бойынша операциялар тоқтатыла тұрды. 2014 жылы ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейі өзгерген жоқ және жылдық көрсеткіш бойынша 5,5% болды.

2014 жылы Ұлттық Банк ақша нарығындағы ахуалға қарай өтімділікті реттеу жөніндегі шараларды қабылдады. 2014 жылғы қаңтар-ақпанда Ұлттық Банк кері РЕПО операциялары арқылы банктерге қысқамерзімді теңгемен өтімділікті берді. 2014 жылдың басында ақша нарығының мөлшерлемелері жоғары құбылмалылықпен сипатталды, бұл девальвациялық күтулерге және теңгенің бағамына жүргізілген түзетуге байланысты болды. 2014 жылғы сәуірден бастап ақша нарығындағы ахуал тұрақтандырылды және нарықтық мөлшерлемелер негізінен төмен деңгейде болды.

2014 жылғы шілдеде Ұлттық Банк ұзақмерзімді валюталық-пайыздық своп операциялары арқылы банктерге теңгемен өтімділікті бере бастады, бұл ақша нарығындағы ахуалға әсер етіп, нарықтық мөлшерлемелердің құбылмалылығының төмендеуіне ықпал етті. Валюта нарығындағы ахуал тұрақты болды және теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының нығаю үрдісі байқалды. 2014 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банк теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының ауытқу дәлізін кеңейтіп, 185 +3/-15 теңге ассиметриялық дәлізін белгіледі.

2015 жылғы бірінші жартыжылдықта Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша нарығындағы мөлшерлемелерді, сондай-ақ теңгенің айырбастау бағамын төмендетуге және тұрақтандыруға бағытталды. Соның салдарынан, 2015 жылдың басынан бастап ақша нарығы мөлшерлемелерінің құбылмалылығы 2014 жылдың соңындағы ахуалмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді. Өтімділікке сұраныстың тұрақтануына қарай 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта Ұлттық Банктің қатысу көлемі біртіндеп төмендеді.

Ақша-кредит саясатының құралдарын одан әрі жетілдіру мақсатында 2015 жылғы наурызда ең төмен резервтік талаптар тетігіне өзгерістер енгізілді. Ұлттық Банк резиденттік және мерзімділік қағидатын сақтай отырып міндеттемелерді теңгеде және шетел валютасында бөлуді болжайтын резервтік міндеттемелердің барынша жан-жақты құрылымын енгізді. Бұл ретте, резервтік міндеттемелердің әрбір түрі бойынша 2015 жылғы 12 мамырдан бастап мерзімділігіне, резиденттігіне және валюта түріне қарай ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін 0,0%-дан 6,0%-ға дейін белгіледі.

2015 жылғы 23 маусымнан бастап ең төмен резервтік талаптарды айқындау және резервтік активтерді қалыптастыру кезеңдері күнтізбелік 28 күнді құрайды және тікелей бір-бірінен кейін орын алады. Банктердің тарапынан өтімділікке деген сұраныстың қажетті көлемін айқындау мақсатында Ұлттық Банк резервтік активтердің құрылымындағы қолма-қол ақша үлесін шектеді.

Банктердің теңгемен бос қаражатының болмауына байланысты Ұлттық Банктің өтімділікті сіңіру бойынша құралдары сұранысқа ие болмады. Осыған байланысты, 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта Ұлттық Банк қысқамерзімді ноттарды орналастырған жоқ. Осылайша, 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта Ұлттық Банк ақша нарығындағы операцияларды басым түрде теңгемен өтімділікті беру бойынша жүзеге асырды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен «2020 жылға дейінгі  ақша-кредит саясаты» мақұлданды. Бұл құжат Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының 2020 жылға дейінгі одан әрі даму бағыттарының тұжырымдамалық тәсілдерін және қағидаттарын айқындайды және Ұлттық Банктің инфляциялық таргеттеуді енгізу және инфляцияны 2020 жылға қарай 3-4%-ға дейін төмендету жөніндегі шаралар кешенін қамтиды:

– инфляцияны және басқа макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау және болжау жүйесін жетілдіру;

– ақша-кредит саясатының құралдары жүйесін кеңейту жолымен трансмиссиялық тетіктің пайыздық арнасының тиімділігін арттыру. Ұлттық Банктің бағамдық саясаты инфляция бойынша мақсатты қолдауға бағытталатын болады;

– ақша-кредит саясаты бойынша шешімдерді қабылдаудың ағымдағы жүйесін озық әлемдік практикаға сәйкес өзгерту;

– коммуникациялық саясаттың тиімділігін арттыру.

Теңгенің тұрақты айырбастау бағамын ұстап тұруға бағытталған валюталық саясат сыртқы күйзелістердің жағымсыз ұзақмерзімді әсері жағдайларында сөзсіз экономикадағы теңгерімсіздіктерге әкелді. Ғаламдық экономикадағы ахуалдың нашарлауы, энергия ресурстарына және металдарға әлемдік бағалардың төмендеуі аясында Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп 2015 жылғы 20 тамыздан бастап теңгенің өзгермелі айырбастау бағамына өте отырып, инфляциялық таргеттеу режіміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатын іске асыруға кірісті.

Еркін өзгермелі айырбастау бағамына өтумен бірмезгілде Ұлттық Банк пайыздық арнаны күшейту шараларын қабылдады.

2015 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені – ақша нарығындағы бір күндік операциялар бойынша нысаналы мөлшерлемені 12% деңгейінде енгізу туралы мәлімдеді.

2015 жылғы қыркүйекте базалық мөлшерлемені енгізумен Ұлттық Банк бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу бойынша базалық мөлшерлеме бойынша аукциондар арқылы өтімділікті беру жөніндегі ашық нарық операцияларын жүргізе бастады.

2015 жылғы 2 қазанда теңгенің айырбастау бағамы құбылмалылығының күшеюі аясында Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтеріп, ақша нарығы мөлшерлемелерінің құбылмалылығын және инфляциялық күтулерді төмендету мақсатында пайыздық мөлшерлемелердің дәлізін +/-1 пайыздық тармаққа дейін тарылтты.

2015 жылғы қарашада сыртқы нарықтардағы ахуал айтарлықтай нашарлады. Шикізат тауарларына төмен бағалар, Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдері валюталарының төмен құны және АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің мөлшерлемесін арттыруды күту аясында олардың экономикалары өсуінің баяулауы теңгенің одан әрі әлсіреуіне қатысты нарықтың қатысушыларының жағымсыз күтулерінің өсуіне ықпал етті. Бұл факторлар ішкі валюта нарығындағы девальвациялық күтулердің өсуіне әкелді, бұл ірі ойыншылар тарапынан, сол сияқты халық тарапынан да шетел валютасына алыпсатарлық сұраныстың артуымен қатар жүрді. Осы жағдайларда, 2015 жылғы қарашада Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын іске асырудағы тәсілдерін өзгертіп, алтынвалюта активтерін сақтау мақсатында өзінің валюта нарығындағы қатысуын барынша азайтты. Пайыздық саясат бөлігінде Ұлттық Банк ақша нарығындағы нақтылы өтімділікті беруін жалғастыра отырып, пайыздық мөлшерлемелер дәлізін белгілі бір ауқымда ұстап тұру бойынша бұрын мәлімделген міндеттемелерді тоқтатты.

2015 жылғы желтоқсанда әлемдік нарықта ахуалдың күрт нашарлауы теңгенің едәуір әлсіреуіне әкелді, ал Ұлттық Банктің банктерге өтімділікті шектеулі беруі ақша нарығындағы мөлшерлемелердің күрт өсуіне апарды.

2015 жылғы желтоқсанның соңында ақша және валюта нарықтарындағы теңгерім қалпына келтірілді. Ұлттық Банк банктерге толық көлемде қысқамерзімді өтімділік бере бастады. Ұлттық Банктің ақша нарығына белсенді қатысуы нәтижесінде пайыздық мөлшерлемелер айтарлықтай тұрақтандырылды.

Банктерге жүктемені төмендету және өтімділікті босату мақсатында Ұлттық Банк 2016 жылғы қаңтарда ең төмен резервтік талаптарды орындаған кезде қолма-қол ақшаны пайдалану бөлігінде шектеулердің күшін жойды. Факторлардың көрсетілген жиынтығы базалық мөлшерлемені белгілеуді жаңарту үшін нарықтың қатысушыларының жағымды күтулерін қоса алғанда, қажетті алғышарттар жасады.

Ұлттық Банк 2016 жылғы 2 ақпаннан бастап +/-2 пайыздық тармақ болатын ауытқу шегімен базалық мөлшерлемені 17% деңгейінде белгіледі. 2016 жылғы 5 мамырда оның деңгейі 15%-ға дейін төмендетілді, ал пайыздық дәліз +/- 1 пайыздық тармаққа дейін тарылды. 2016 жылғы 11 шілдеде Ұлттық Банк +/-1% дәлізбен базалық мөлшерлемені 13%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Ақша-кредит статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыру

Қазақстан Республикасы Халықаралық валюта қорымен (бұдан әрі – ХВҚ) Деректерді таратудың арнайы стандартының (бұдан әрі – ДТАС) және басқа келісімдердің қатысушысы болып табылады, олардың шеңберінде Ұлттық Банк ақша-кредит статистикасын (ХВҚ әдіснамасына сәйкес қаржы ұйымдарына монетарлық шолулар жасауды қоса алғанда) және сыртқы сектор статистикасын (жиынтық статистикалық есептер және төлем балансы (бұдан әрі – ТБ), халықаралық инвестициялық позиция (бұдан әрі – ХИП) және сыртқы борыш (бұдан әрі – СБ) бойынша түрлі саладағы талдамалық кестелер) орналастырады.

Ұлттық Банк қалыптастыратын статистика халықаралық ұйымдар және шетелдік инвесторлар үшін қажет, ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын әзірлеген кезде, оны іске асыру барысында шешімдер қабылдаған кезде, қаржы ұйымдары қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдаған кезде пайдаланылады. Сыртқы факторлардың құбылмалылығы жағдайларында статистика негізінде есептелетін борыштық орнықтылық индикаторларының ауқымды аясы қаржы секторының жай-күйін бағалау, елдің кредит төлеу қабілеттілігін бағалау үшін пайдаланылады.

Ұлттық Банктің статистиканы жинауы және қалыптастыруы ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілетін Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес, белгіленген кезеңділікке сәйкес 2015 жылы 29 ведомстволық статистикалық байқаулар нысаны бойынша жүзеге асырылады (30 – 2011 және 2012 жылдары, 29 – 2013 жылы, 28 – 2014 жылы). Әдіснаманы жетілдіру, халықаралық стандарттың жаңа талаптарына сәйкес келу, секторлар мен көрсеткіштердің қамтылуын кеңейту мақсатында 2012-2015 жылдары жаңа статистикалық нысандар әзірленді және қолданыстағы нысандарға өзгерістер енгізілді (2012 жылы 7 нысан, 2014 жылы 8 нысан, 2015 жылы 7 нысан бекітілді).

Басқа елдердің орталық банктерінен айырмашылығы Ұлттық Банк ведомстволық статистикалық байқауларды экономиканың қаржы секторы бойынша ғана емес, сонымен қатар нақты секторы бойынша да жүргізеді. Ақпарат жинау процесін оңтайландыру мақсатында 2013 жылдан бастап респонденттерге есептерді Ұлттық Банктің арнайы веб-порталы арқылы электронды түрде тапсыру мүмкіндігі берілді. Одан әрі есептілікті электронды түрде тапсыратын респонденттердің санын ұлғайту жоспарланып отыр.

2016 жылдан бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен қорлардың шоттарын қоса алғанда, тоқсан сайынғы негізінде басқа қаржы ұйымдары бойынша кеңейтілген шолуды және қаржы секторына шолуды қалыптастыру және жариялау, сондай-ақ ХВҚ-ға SRF 4SR «Other Financial Corporations» есебінің жаңа нысанын ұсыну жүзеге асырылады.

Статистиканы жетілдіру шеңберінде Халықаралық валюта қоры жаңартылған «Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция жөніндегі нұсқаманы» 2009 жылы және «Сыртқы борыш жөніндегі нұсқаманы» 2014 жылы (бұдан әрі – 6ТБН) шығарды, оларда елдің сыртқы секторының статистикасын қалыптастырудың және талдаудың жаңа халықаралық стандарттары белгіленеді. 6ТБН жаһандану процестерінің, аймақтық интеграция мен валюталық одақтардың дамуын, әлемдегі жаңа күрделі қаржы құралдарының туындауы мен соңғы экономикалық дағдарыстағы сабақтарды ескереді. Сыртқы сектор статистикасын пайдаланушылардың өзгеру үстіндегі қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында ТБ және ХИП бойынша стандарт есептерінің нысандары қайта қаралып, кеңейтілді, сондай-ақ бірқатар жаңа талдама есептер көзделді. Жалпы 6ТБН-ға өту елдердің тиісті статистикалық органдарынан, барлық қолданылатын бастапқы дерек көздерін егжей-тегжейлі талдау мен қайта қарауды қоса алғанда, едәуір дайындық жұмыстарын жүргізуді талап ететін айтарлықтай күрделі де ұзақ процесті білдіреді.

Ұлттық Банк жаңа стандарттарға өтуге дайындықты 2011 жылы бастап, 2012 жылы қолданылатын дерек көздерінің бөлігін 6ТБН талаптарына сәйкес келетін жаңа стандарттарға ауыстырды. 2013 жылғы маусымда бұрын қолданылып келген 1993 жылы шығарылған ХВҚ-ның Төлем балансы жөніндегі нұсқамасының бесінші басылымының орнына жаңа әдістемесінің талаптарына сәйкес ТБ, СБ, ХИП бойынша стандартты және талдамалық есептерді таратуды бастады. Бұл ретте, серпіндік қатарлардың 2013 жылғы 1 тоқсандағы деректермен бірмезгілде үйлесімділігіне қол жеткізу үшін 2005 – 2012 жылдар аралығындағы ТБ, ХИП және СБ деректері 6ТБН құрылымына сәйкес қайта саналды.

Бастапқы дерек көздерінің қайта қаралған нысандары бойынша ақпарат жинау 2013 жылғы 1 тоқсаннан бастап жүзеге асырылады. Қалған дерек көздері, оның ішінде валюталық реттеу бойынша әкімшілік деректер нысандары 2016 жылы РПБ6-ға сәйкес келтірілетін болады. Бұл РПБ6 ұсынған талдама кестелердің барлық спектрін қалыптастыруға және республика сыртқы секторының жаңа халықаралық стандарттарға толық сәйкес келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сыртқы секторды РПБ6-ға сәйкес және жаңғыртылған дерек көздерінің негізінде толыққанды қалыптастыруды 2017 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

1.2. Негізгі проблемаларды талдау Қазіргі кезде Қазақстанда ақша-кредит трансмиссиясының негізгі арнасы

валюталық арна болып табылады, бұған долларланудың өте жоғары деңгейі негіз болды. Бұл ретте пайыздық арна әлі де жеткіліксіз дамыған. Осыған байланысты, Ұлттық Банк ақша-кредит саясаты құралдарының тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ валюталық арнаның рөлін төмендету және Ұлттық Банктің пайыздық мөлшерлемелерінің, яғни пайыздық арнаның рөлін күшейту жөніндегі шараларды жалғастырады. Ортамерзімді және ұзақмерзімді кезеңде инфляциялық таргеттеу саясатын іске асыру шеңберінде Ұлттық Банк инфляция бойынша мынадай нысаналы бағдарларды белгілейді: кейіннен 2020 жылға қарай 3-4%-ға дейін біртіндеп бәсеңдете отырып 2017 жылы – 6-8%, 2018 жылы – 5-7%. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының қысқамерзімді теңгелік өтімділікті алу және сол сияқты беру бойынша құралдарын пайдаланады.

Ұлттық Банктің негізгі күші инфляцияның ортамерзімді кезеңдегі нысаналы деңгейіне қол жеткізу мақсатында пайыздық саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталады. Қажет болған кезде ақша-кредит саясаты құралдарының жүйесі қайта қаралуы және кеңейтілуі мүмкін.

Валюталық саясат еркін өзгермелі айырбастау бағамы режімі сақталған кезде Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекелестігі арасындағы балансты қамтамасыз етуге арналған. Айтарлықтай күйзелістер болған жағдайда Ұлттық Банк экономиканың дамуы үшін қысқамерзімді кезеңде баға тұрақтылығы жөніндегі ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты және қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер ету, сондай-ақ орнықты ұзақмерзімді экономикалық өсу үшін күштерді қамтамасыз ету арасындағы балансты ұстап тұруға тырысады.

Жедел шешімдер қабылдау және өзгеріп отырған макроэкономикалық жағдайларға ден қою мақсатында Ұлттық Банк жыл келесі жылы іске асыру жоспарланып отырған ақша-кредит саясатының бағыттарын баяндай отырып жыл сайынғы негізде құжат дайындайды

2-стратегиялық бағыт. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету

  1. Банк секторының қаржылық орнықтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру

1.1. Реттелетін қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 35 екінші деңгейдегі банк, оның ішінде 16 банк шетелдік қатысумен жұмыс істеді. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің жиынтық активтері 23 780,3 млрд. теңгені, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18 239,0 млрд. теңгені, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15 461,7 млрд. теңгені, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13 879,9 млрд. теңгені, 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12 817,8 млрд. теңгені және 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12 031,5 млрд. теңгені құрады.

Республикада бір толыққанды «Al Hilal» ислам банкі» АҚ ислам банкі жұмыс істейді, оның активтерінің көлемі 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторы активтерінің жалпы көлемінің 0,11%-ын, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 0,08%-ын, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 0,11%-ын, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 0,09%-ын, 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 0,09%-ын және 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 0,09%-ын құрады.

Қазақстанда ислам банкингін одан әрі дамыту үшін ислам банктерінің жұмыс істеуі және дәстүрлі банктерді ислам банктеріне конвертациялау үшін құқықтық негіз құрылды. Соңғы жылдары банк секторында банктерді «ірілендіру» есебінен құрылымдық өзгерістер болды («ForteBank» АҚ, «Темірбанк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ қосу арқылы, сондай-ақ «Казкоммерцбанк» АҚ және «БТА Банк» АҚ активтерін біріктіру арқылы қайта құрылымдау арқылы). Активтердің құрылымында барынша үлкен үлесті (жиынтық активтердің1 60,6%-ы) 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15 553,7 млрд. теңге сомадағы несие портфелі алады, несие портфелі 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 184,4 млрд. теңгені, 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13 348,2 млрд. теңгені, 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 11 657,9 млрд. теңгені, 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 472,8 млрд. теңгені және 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 9 065,9 млрд. теңгені құрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істемейтін қарыздарды есептен шығару нәтижесінде несие портфелі өсуінің бәсеңдеуі, сондай-ақ банк секторының кредиттік белсенділігінің төмендеуі байқалды. Портфельдің оң өсуі (2015 жылы +9,7%) көбінесе ұлттық валютаның еркін өзгермелі бағамға өсуіне байланысты валюталық қарыздарды қайта бағалауға байланысты болды. Банк жүйесіндегі жұмыс істемейтін қарыздар деңгейінің төмендеуі Ұлттық Банктің 2015 жылы қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық бағыттарының бір болды. Банк жүйесіндегі жұмыс істемейтін кредиттердің жоғары деңгейі экономиканы кредиттеуді тежейді, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, экономикалық дамуға теріс әсер етеді, әлем нарықтарындағы болашақта болуы мүмкін күйзелістер алдындағы орнықтылықты төмендетеді.

Банк жүйесіндегі жұмыс істемейтін кредиттердің жоғары деңгейін төмендету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2014 жылы бөлінген 250 млрд. теңгені бөлу тетіктерін айқындау бойынша жұмыс жүргізді. Өз қызметінде, бөлінген қаражатты әлеуетті алушылар ретінде қаралатын банктердің нысаналы тобын айқындау шеңберінде «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ банк секторының активтері сапасының проблемаларын жүйелі шешу үшін банктердің «жұмыс істемейтін» қарыздары көлемінің «мәндiлiк» және «маңыздылық» қағидаттарын басшылыққа алды. Әртүрлі мемлекеттік кеңесші алаңдарда өткен отырыстарда болған талқылаулардың қорытындысы бойынша Ұлттық Банктің жалпы алғанда банк жүйесі бойынша жұмыс істемейтін қарыздардың көлемі мен деңгейіне барынша жүйелік әсері бар ретінде ірі жүйе құраушы банктің жұмыс істемейтін кредиттерін басымдықпен сатып алуға бөлінген қаражатты толық көлемде пайдалану жөніндегі ұсынысын қолдау шешілді. Қабылданған шешімге сәйкес жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, сондай-ақ басқа да қабылданған шаралар («БТА Банк» АҚ лицензиясын тапсыру, банктердің баланстарды тазарту жөніндегі басқа құралдарды пайдалануы) ескеріле отырып, банктер ұсынған есептерге сәйкес банк жүйесі бойынша жұмыс істемейтін қарыздардың көлемін нысаналы 10%-дық көрсеткіш деңгейіне дейін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізілді. 2015 жылы жұмыс істемейтін қарыздардың деңгейі 2,1 трлн. теңгеге төмендетілді және 2015 жылғы 1 қаңтардағы 3 340,2 млрд. теңгемен (несие портфелінің 23,5%-ы) салыстырғанда 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 236,9 млрд. теңгені (8,0%-ы) құрады. Жұмыс істемейтін қарыздар 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 4 158,2 млрд. теңгені (несие портфелінің 31,2%- ы), 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3 473,2 млрд. теңгені (29,8%), 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3 225,6 млрд. теңгені (30,8%) және 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2 153,4 млрд. теңгені (23,8%) құрады.

Банктердің 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша міндеттемелері 21 289,9 млрд. теңгені құрады. Банктердің жиынтық міндеттемелеріндегі барынша үлкен үлес клиенттердің салымдарына тиесілі (73,3%), 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15 583 млрд. теңге (71,5%), 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 13 384,1 млрд. теңге (73,6%), 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 11 874,6 млрд. теңге (71,9%), 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 11 514,6 млрд. теңге (67,7%), 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 715,2 млрд. теңге (63,7%).

Депозиттердің едәуір бөлігі шетел валютасымен көрсетілген, бұл банктер үшін және сол сияқты кредиттеуді шетел валютасымен алған, бірақ валюталық түсімі немесе хеджирлеудің тиімді құралы жоқ қарыз алушылар үшін қаржылық тәуекелдерді ұлғайтады. Осы жағдайда тіпті ішкі нарықтағы теңге бағамының серпініндегі қалыпты үрдіс те банктердің депозиттік базасының валюталық құрылымының айтарлық өзгеруіне алып келеді.

Қорландыру базасының жоғары құбылмалылығы және ұлттық валютадағы өтімділіктің кейінгі тапшылығы 2015 жылғы барынша маңызды теріс үрдістер болды. Бұл ретте, егер 2014 жылы ұлттық валютадағы қорландыруға қысымды, ең алдымен, жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы салымдарының шетел валютасына ағыны көрсетсе, 2015 жылы – заңды тұлғалардың салымдарының жоғары құбылмалығы көрсетті.

2015 жылғы екінші жартыжылдықта заңды тұлғалардың салымдарының құбылмалығы теңгелік қорландыру құнының қымбаттауына әсер етті. Осылайша, теңгелік өтімділікті қолдау мақсатында банктер тәуекелдерді басқарудың мынадай құралдарына сүйенуге мәжбүр болды: 1) своп және репо мәмілелері бойынша қымбат мәмілелер жасау (своп бойынша орташа жылдық мөлшерлемелердің 2014 жылғы 6,8%-дан 2015 жылғы 16,7%-ға дейін, репо бойынша – 11,2%-дан 20,5%-ға дейін өсуі), 2) корпоративтік депозиторларды жоғары пайыздық мөлшерлемелермен ұстап тұру және қолдау (орташа жылдық мөлшерлемелердің 5,5%-дан 11,5%-ға дейін өсуі), 3) теңгелік кредиттеу көлемін қысқарту, 4) операциялық шығыстарды қысқарту.

Бұдан басқа, мемлекеттік компаниялар банктердің ұлттық валютадағы қорландыру базасын қолдауды жалғастырды, 2015 жылдың қорытындылары бойынша клиенттердің депозиттерінің теңгелік бөлігінің негізі салымшылары болды. Қаржыландыруға банктердің ұлттық валютада шығарылған облигацияларын сатып алу арқылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ белсенді түрде қатысты. 2015 жылдың соңында ұлттық валютаның айырбастау бағамын тұрақтандыру нәтижесінде ақша нарығындағы мөлшерлемелердің құбылмалылығы қысқарды. Тұтастай алғанда, 2015 жылдың қорытындылары бойынша банктер ұлттық валютадағы қорландыруды 2014 жылғы деңгейде (төмендеуі -0,8%) ұстап тұрды, ал шетел валютасындағы қорландыру, ең алдымен, қайта бағалау нәтижесінде айтарлықтай өсті (64,8%-ға өсу, қайта бағалауды есептемегенде 11,6%-ға төмендеу).

Бөлшек депозиттер нарығында депозиттік базаның тұрақты өсу үрдісі байқалады, бұл, тиісінше, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың жеке тұлғалар алдындағы депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерге орналастырылған олардың депозиттері бойынша әлеуетті міндеттемелерін ұлғайта отырып, кепілдікпен өтеу сомасының ұлғаюына әкеледі.

Депозиттерге кепілдік беру қорының арнайы резервінің нысаналы деңгейін және мөлшерін айқындау мен белгілеудің 2016 жылға арналған әдістемесіне сәйкес арнайы резервтің нысаналы мөлшері 6,3% деңгейінде («Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы бойынша ең төменгі талап – 5%) айқындалды. Арнайы резерв әдістемесіне сәйкес тәуекелдерді талдау негізінде күтулі және кездейсоқ шығынды бағалау айқындалады және қатысушы банктердің қаржылық жай-күйін, оның ішінде олардың дефолтқа ықтималдылығын ескереді.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың жиынтық депозиттік базасы 6,9 трлн. теңге ( 2011ж. басында – 2,2 трлн. теңге, 2012ж. – 2,7 трлн. теңге, 2013ж. – 3,4 трлн. теңге), ал арнайы резервтің нақты деңгейі – 5,5% немесе 378,4 млрд. теңге болды, оның 70%ы жарғылық капиталдың қаражаты есебінен қалыптастырылды. Осылайша, 2016 жылғы 1 қаңтарда арнайы резерва в размервтің 0,8% немесе 55 млрд. теңге мөлшерінде тапшылығы бар. Пайда болған дефицитті жабу мақсатында, сондай-ақ банк жүйесіне сенімді қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, арнайы резервтің мөлшерін, оның ішінде, депозиттерге кепілдік беру қорының жарғылық капиталын ұлғайту (жалғыз акционер ретінде Ұлттық Банк тарапынан жарғылық капиталдың көлемінен 10%-ға жыл сайын ұлғайту есебінен) есебінен ұлғайту қажеттігі бар.

Теріс жаққа өзгерген сыртқы конъюнктура теңгенің айырбастау бағамына қатты қысым көрсетті. Бұл ретте ұлттық валюта айтарлықтай қайта бағаланған күйде қалды, ал ақша нарығындағы пайыздық мөлшерлемелер жоғары болды. 2015 жылғы екінші жартыжылдықта теңгенің еркін өзгермелі бағамына өту экономикадағы ахуалды айтарлықтай өзгертті, атап айтқанда, бағамға қысым нөлге теңелді, ал экономиканың бәсекеге қабілеттігі банк активтерінің өсуі үшін әлеует жасай отырып қалпына келді. Сонымен қатар, сауда-саттық салынбайтын тауарлар секторы теңгенің әлсіреуі нәтижесінде 2015 жылы айтарлықтай тарылды және көптеген шығынға ұшырады, кредиттік тәуекел бойынша зияндар нәтижесінде жұмыс істемейтін қарыздар портфелінің ұлғаюына әкелді. Сонымен қатар, банктердің балансындағы жоғары долларлануға байланысты активтер мен пассивтердің валюталарында айырмашылық пайда болды, ұлттық валютадағы өтімділіктің жетіспеуі байқалды.

Ұлттық Банк банк секторының стресс-тестін өткізді, оның стрестік сценарийі 2015 жылы ішінара іске асырылды, атап айтқанда осындай ықпал 2015 жылы теңгенің әлсіреуінің ең аз мөлшерімен мұнай бағасының төмендеуімен бағаланды. Ұлттық Банк стресс-тест шеңберінде бағалаған кредиттік тәуекел бойынша зияндар 2015 жылдың соңында жұмыс істемейтін қарыздардың ұлғаюы нәтижесінде банктер нақты шеккен зияндар мөлшерімен салыстыруға келеді. Бұл ретте, макроэкономикалық күйзелістердің банк секторына теріс ықпалының толық іске асырылмауын ескере отырып, 2016 жылы кредиттік тәуекел бойынша қосымша шығын күтіледі.

1.2. Негізгі проблемаларды талдау Геоэкономикалық және геосаяси ахуалға байланысты, Қазақстанның қаржы жүйесінде сақталып отырған бірқатар проблемалар қосымша теріс факторлармен міндет артып отыр, олар оның одан әрі дамуына теріс әсерін тигізуі мүмкін;

а) Дағдарыс кезінде кредиттік тәуекелдерді материалдандыру салдарынан қалыптасқан банктердің кредиттік портфеліндегі проблемалық қарыздар үлесінің жоғары деңгейі.

Несие портфелінің өсуіне, жұмыс істемейтін қарыздардың ұлғаю қарқынының баяулауына, сондай-ақ жүйелік деңгейде несие портфелін сауықтыру үшін жасалған жағдайларға қарамастан жұмыс істемейтін қарыздар үлесінің елеулі қысқаруы болған жоқ – 2013 жылы 19,5%, 2012 жылы 19,4%, 2011 жылы 20,7% («БТА Банк» АҚ-ты есептемегенде). Портфель сапасының айтарлықтай жақсаруы 2014-2015жж. көбінесе Ұлттық Банктің балансты жұмыс істемейтін қарыздардан тазалау бойынша банктермен бірлескен жұмысы есебінен байқалды – жұмыс істемейтін қарыздардың несие портфеліндегі үлесі «БТА Банк» АҚ қоспағанда, 2014 жылы 12,4%-ға, 2015 жылы – 8,0%-ға жетті. Бұл ретте жұмыс істемейтін портфельдің айтарлықтай қысқаруы аясында дағдарыс кезеңінде берілген жұмыс істемейтін қарыздардың жоғары үлесінің сақталуы жалғасып отыр. Бұдан басқа, сыртқы факторлардың ықпалымен банк секторының және тұтастай алғанда, экономиканың іскерлік және кредиттік белсенділігінің баяулауы байқалады. Осыған байланысты екінші деңгейдегі банктердің кредиттік тәуекелді іске асыруы және, тиісінше, жұмыс істемейтін қарыздар көлемінің өсуі ықтимал.

Жұмыс істемейтін кредиттер (NPL) деңгейін бақылау шеңберінде несие портфеліндегі жұмыс істемейтін кредиттердің ең көп деңгейі бойынша ерте ден қою индикаторы сақталды, ол 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 10%-дан аспауға тиіс. Бұл ретте осы деңгейден асып кеткен банктер NPL кемінде 10% деңгейге дейін төмендету бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынады. Сонымен қатар көрсетілген іс-шаралар жоспарын бұзғаны үшін банктің және оның менеджментінің жауапкершілігі күшейеді. Мәселен, іс-шаралар жоспарын бір рет бұзған жағдайда банк үшін меншік капиталының жеткіліктілігіне жеке үстемеақы енгізілетін болады, ал іс-шаралар жоспарын жүйелі түрде бұзған кезде төрағаның орынбасарын немесе банктің төрағасын атқарып отырған қызметінен шеттету түрінде санкция қолданылатын болады.

б) банк секторының қорландыру құрылымының орнықты болмауы шетел валютасындағы депозиттік базаның жоғары шоғырлануын күшейтеді.

Банк секторын қорландырудың негізгі көзі банктердің клиенттерінің депозиттік базасы болып қалып отыр – 2015 жылдың соңында банктердің міндеттемелерін құрылымында 73,3% (2014 жылы 71,5%, 2013 жылы 73,6%, 2012 жылы 70,8%, 2011 жылы 67,5%). Алайда экономиканың кредиттік ресурстарға қажеттілігінің өсу жағдайларында депозиттік базаның қысқамерзімділігіне байланысты банктер ұзақмерзімді қорландыру тапшылығын басынан кешіріп отыр. Бұдан басқа, 2014 жылғы ақпанда ұлттық валюта бағамын түзету және 2015 жылғы тамызда инфляциялық таргеттеу режиміне өту нәтижесінде банк клиенттерінің шетел валютасындағы салымдары үлесінің өсуі байқалды – клиенттердің салымдарының 69,3% 2015 жылдың соңында шетел валютасымен ұсталады (2014 жылы 57,8%, 2013 жылы 37,3%, 2012 жылы 31,3%, 2011 жылы 32,7%).

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруіне байланысты шетелдік банктердің елдің аумағындағы филиалдарының кейінгі қызметінен жергілікті банктердің жергілікті және халықаралық деңгейлерде бәсекеге қабілеттігін арттыру қажеттігі бар. Сонымен қатар соңғы қаржы дағдарысының әлемдік экономикаға ықпалынан сабақ алу, банктердің стресс кезеңдерінде тұрақтылықты сақтау үшін қажетті талаптарға сәйкес болмауын анықтау мәселесі маңыздылығын жоймайды. Осыған байланысты, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және қаржы күйзелістеріне тұрақтылығын арттыру мақсатында Ұлттық Банк әлемдік практикада, әсіресе ЕО елдерінде белсенді түрде енгізілген Банктерді қадағалау жөніндегі Базель комитетінің халықаралық стандарттарына өту процесін белгіледі. Капиталдың ең төменгі стандарттарына қатысты Базель 3 талаптарын енгізу банктердің капиталына сандық және сапалы талаптардың кезеңмен артуын білдіреді. Меншікті капиталдың жеткіліктілігіне негізгі талаптар мынадай коэффициенттермен сипатталады: негізгі капитал – банк активтері тәуекелінің дәрежесін ескере отырып орташа алынған 2015-2016жж. 5%-дан 2017 жылы 5,5%-ға дейін, бірінші деңгейдегі капитал – 2015-2016жж. 6%-дан 2017 жылы 6,5%-ға дейін, жалпы капитал – 2015-2016жж. 7,5%-дан 2017 жылы 8%-ға дейін. Қосымша алғанда, Базель 3 сәйкес капиталдың буферлеріне (үстемеақы) талаптар енгізілді: консервациялық буфер 2015-2016жж. 1%-дан (жүйе құраушы банктер үшін 2%) 2017 жылы 2%-ға дейін (жүйе құраушы банктер үшін 3%) ұлғаяды, сондай-ақ жүйелік буферге талаптар 1% деңгейінде белгіленді. 2018 жылы оған қол жеткізу үшін түпкілікті таргеттелетін деңгейді және өту кезеңінің мерзімін белгілеу жоспарланды. Осы уақытта, банк секторының тиімділігіне теріс ықпал ету қабілетін шамадан тыс реттеу қаржылық делдал ретінде банк секторының рөлін төмендетуге әкеледі. Банк секторындағы тәуекелдерді өлшеуге және жүйелік тәуекелдерді төмендетуге сараланған тәсілдің қажеттілігін ескере отырып, банктердің тәуекелдің жоғары деңгейі бар операциялары бойынша меншік капиталына көтеріңкі талаптар енгізіледі, ал қаржы тұрақтылығына қауіп төндіретін тәуекелдердің шоғырлануы ұлғайған кезде банктің меншік капиталының ең аз жеткіліктілігіне қосымша капиталды және қадағалау үстемесін қалыптастыру бойынша талаптар енгізілді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілерін дамытуды ынталандыру, тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ипотекалық қарыздар, шағын және орта бизнес субъектілеріне қарыздар, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) бойынша резервтермен жабылған қарыздар бойынша меншік капиталының жеткіліктілігіне талаптар төмендетілді.

  1. Қаржылық тұрақтылықты арттыру және сақтандыру нарығын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдай жасау

1.1. Реттелетін қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздің қаржы нарығында 34 сақтандыру ұйымы, 14 сақтандыру брокері және 72 актуарий қызметін жүзеге асырады. Сақтандыру нарығының осы субъектілерінің саны 2013 жылғы 1 қаңтарда 35сақтандыру ұйымы, 13 сақтандыру брокері, 82 актуарий және 2012 жылғы 1 қаңтарда – 38 сақтандыру ұйымы, 14 сақтандыру брокері, 85 актуарий болды.

Сақтандыру секторының активтері 2012 жылғы 1 қаңтарда 387,7 млрд. теңге (2011 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 12,9%-ға немесе 44,4 млрд. теңгеге ұлғаю), 2013 жылғы 1 қаңтарда – 442,7 млрд. теңге (2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 14,2%-ға немесе 55,1 млрд. теңгеге ұлғаю), 2014 жылғы 1 қаңтарда – 523,3 млрд. теңге (2013 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 18,2%-ға немесе 80,6 млрд. теңгеге ұлғаю) болды.

Сақтандыру секторының меншікті капиталы 2012 жылғы 1 қаңтарда 231,1 млрд. теңге (2011 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 22,5 млрд. теңгеге немесе 10,8%-ға ұлғаю), 2013 жылғы 1 қаңтарда – 239,7 млрд. теңге (2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 8,6 млрд. теңгеге немесе 3,7%-ға ұлғаю) және 2014 жылғы 1 қаңтарда – 254,3 млрд. теңге (2013 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 14,6 млрд. теңгеге немесе 6,1%-ға ұлғаю) болды.

Міндеттемелер сомасы 2013 жылғы 1 қаңтардағы және 2012 жылғы 1 қаңтардағы тиісінше 203,0 млрд. теңгеге және 156,5 млрд. теңгеге қарағанда, 2014 жылғы 1 қаңтарда 269,0 млрд. теңге құрады. 2014 жылғы 1 қаңтарда міндеттемелердің өсуі 32,5%, 2013 жылғы 1 қаңтарда – 29,7%, 2012 жылғы 1 қаңтарда – 16,3% құрады.

Сақтандыру резервтерінің сомасы 2013 жылғы 1 қаңтардағы және 2012 жылғы қаңтардағы тиісінше 174,3 млрд. теңгеге және 127,9 млрд. теңгеге қарағанда, 2014 жылғы 1 қаңтарда 240,3 млрд. теңге болды. Сақтандыру резервтерінің өсуі 2014 жылы 37,9%, 2013 жылы – 36,3%, 2012 жылы – 11,3% болды.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 253,1 млрд. теңге (2013 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 19,6%-ға өсу) болды. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 20,6%-ға ұлғайып, 211, 7 млрд. теңге құрады, 2012 жылғы 1 қаңтарда – 175,5 млрд. теңге, 2011 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 25,4%-ға өсу болды.

Міндетті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2014 жылғы 1 қаңтарда 53,1 млрд. теңге (2013 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 8,9%-ға ұлғаю), 2013 жылғы 1 қаңтарда – 48,8 млрд. теңге (2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 7,3%-ға ұлғаю), 2012 жылғы 1 қаңтарда – 45,5 млрд. теңге (2011 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 28,3%-ға ұлғаю) болды.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2014 жылғы 1 қаңтарда 92,1 млрд. теңге (8,2%-ға ұлғаю), 2013 жылғы 1 қаңтарда – 85,2 млрд. теңге (59,1%-ға ұлғаю), 2012 жылғы 1 қаңтарда – 53,5 млрд. теңге (52,3%-ға ұлғаю) болды. Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылардың көлемі 2014 жылғы 1 қаңтарда 107,9 млрд. теңге (38,8%-ға ұлғаю), 2013 жылғы 1 қаңтарда – 77,7 млрд. теңге (1,5%-ға ұлғаю), 2012 жылғы 1 қаңтарда – 76,5 млрд. теңге (10,3%-ға өсу) болды. Тікелей сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі 2013 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 23,6%-ға азайып, 2014 жылғы 1 қаңтарда 52,0 млрд. теңге болды. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру төлемдері сомасы 2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 57,8%-ға ұлғайып, 68,1 млрд. теңге құрады. 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 2011 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда, 70,8%-ға ұлғайып, 43,1 млрд. теңге құрады.

Бұл ретте, міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдері сомасы 2014 жылғы 1 қаңтарда 20,0 млрд. теңге (2013 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 23,7%-ға ұлғаю), 2013 жылғы 1 қаңтарда – 16,2 млрд. теңге (бір жылда __ немесе 37,7%-ға), 2012 жылғы 1 қаңтарда – 11,7 млрд. теңге (бір жылда 25,7%-ға ұлғаю) болды. Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдері сомасы 2014 жылғы 1 қаңтарда 22,8 млрд. теңге (43,0%-ға азаю), 2013 жылғы 1 қаңтарда – 40,0 млрд. теңге (74,7%-ға өсу) және 2012 жылғы 1 қаңтарда – 22,9 млрд. теңге (75,9%-ға өсу) болды. Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша 2014 жылғы 1 қаңтарда сақтандыру төлемдерінің сомасы 9,2 млрд. теңге (23,0%-ға азаю), 2013 жылғы 1 қаңтарда –11,9 млрд. теңге (39,8%-ға ұлғаю), 2012 жылғы 1 қаңтарда – 8,5 млрд. теңге (192,8%-ға ұлғаю) болды.

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 75,2 млрд. теңге (2013 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда өсу 15,2% құрады), 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 65,2 млрд. теңге, (0,6%-ға ұлғаю), 2012 жылғы 1 қаңтарда – 64,8 млрд. теңге (8,3%-ға өсу) болды.

1.2. Негізгі проблемаларды талдау Сақтандыру ұйымдарының алынатын сақтандыру сыйлықақыларының көлемі қомақты болған кезде капиталдануының төмен деңгейі Қазақстанның сақтандыру нарығының негізгі проблемасы болып табылады. Отандық сақтандыру нарығының капиталдану деңгейінің төмен болуы өздігінен ұстап қалу мүмкіндіктерін шектейді, бұл нәтижесінде Қазақстан Республикасының қайта сақтандырушы бейрезиденттерге беретін сақтандыру сыйлықақыларының жоғары үлесіне апарады. Бұл ретте бейрезиденттерді қайта сақтандыру ұйымдарынан өтеу шамалы болып қалуда.

Қайта сақтандыруды беру барысында «тәуекелсіз» және «тиімсіз қайта сақтандыру» проблемалары бар, мұнда қайта сақтандыру тәуекелдерінен қорғау құралы ретінде емес, ал өзге мақсаттарда, оның ішінде сақтандыру резервтерін, пруденциялық талаптарды төмендету, сондай-ақ активтерді шығару және салықтық оңтайландыру мақсаттарына пайдаланылады. Сақтандыру ұйымдары қызметінің айқын емес бағыты қайта сақтандыру болып табылады.

Аталған проблемалар сақтандыру нарығының капиталдануын және сыйымдылығын қамтамасыз ету, сақтандыру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында заңнамалық деңгейде қайта сақтандыру жөніндегі нормативтік базаны жетілдіру бойынша бірқатар шаралар қабылдауды талап етеді. Сақтандыру нарығын дамытудың негізгі мәселелердің бірі сақтандыру делдалдары қызметінің айқын еместігі болып табылады. Мәселен, практикада әкімшілік шығыстар арқылы комиссиялық сыйақыларды жасырын төлеумен, сақтандыру өнімдері бағаларының жасырын демпингімен және сақтандыру ұйымының активтерін шығару құралы ретінде комиссиялық сыйақыны пайдаланумен проблемалардың бар екені байқалады.

Сақтандыру агенттеріне негізсіз жоғары комиссиялық сыйақыларды төлеу толық резервтемеуге және сақтандыру ұйымының шығындылығы коэффициенттерінің ұлғаюына апарады және соңында сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығына әсерін тигізеді. Осыған байланысты аталған проблемалар тұжырымдамалық шешімді және сақтандыру нарығына қатысушылардың сақтандыру қызметін көрсету кезінде туындайтын «сақтандыру ұйымы — сақтандыру агенті — сақтанушы» тізбегінің өзара әрекеттесуінің қазіргі схемасын қайта қарауды талап етеді. Сақтандырудың барлық түрлері бойынша жоғары әкімшілік шығыстарды ескере отырып, сақтандыру өнімдерін, әсіресе сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру агенттері арқылы сату үлесін төмендету жөніндегі мәселе қаралатын болады. Мәселен, шешу жолдарының бірі сақтандырудың міндетті және ерікті түрлеріне қатысты сақтандыру полистерінің электрондық сатылуын енгізу болып табылады, бұл сақтандыру ұйымдарына әкімшілік шығыстарды оңтайландыруға және сақтандыру өнімдерінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда міндетті сақтандырудың 9 түрі жұмыс істейді, олар бойынша сақтандыру жүргізудің талаптары мен тәртібін жан-жақты реттейтін жеке заңдар қабылданды. Сақтандыру секторындағы сақтандырудың жекелеген түрлерінің өте жоғары шығындылығынан туындайтын жүйелік проблемалар мен тәуекелдерге байланысты міндетті сақтандыру жүйесі оның тиімді дамуына кедергі жасайтын жинақталған проблемаларды реттеуді және шешуді, оның ішінде міндетті сақтандырудың тиімді жұмыс істемейтін және қайталанатын сыныптарын оңтайландыруды және алып тастауды талап етеді.

Ерікті сақтандыру нарығы негізінен екінші деңгейдегі банктердің кросс-сатылымдары және міндетті сақтандыру бойынша агенттік желі арқылы дамуда. Қарыз алушыны жазатайым жағдайлардан сақтандыру және кепіл объектісін сақтандыру қарыз операцияларының дәстүрлі міндеттелген қызметі болып табылады. Сақтандырудың аталған түрлері, кредиттік тәуекелдің деңгейін шынайы төмендетудің құралы емес, ең бастысы, банк конгломераттары үшін қосымша кіріс көзі болып табылады. Автомобиль көлігін және мүлікті ерікті сақтандыру айрықша көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерін кросс-сату есебінен дамыды.

Ерікті сақтандырудың басқа түрлері бойынша ұсынылып отырған қызметтердің шектелгендігін, сақтандыру өнімдерінің салыстырмалы түрдегі жоғарғы құнын (статистика болмауына байланысты) немесе олардың қажет болмауын, нарықта жекелеген сақтандыру ұйымдарының барынша белсенді болмауын және әлеуетті сақтандырушылардың сақтандыруға төмен мүдделігін атап өткен жөн. Халықтың төмен мүдделігі, ұзақмерзімді жинақтаудың құралдарына сенімсіз болуы өмірді сақтандыру нарығының аздап өсуінің объектівті себептері болып табылады. Өмірді сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің жетіспеушілігін өтеуге, сондай-ақ азаматтардың қаржылық мүдделерін қорғауға мүмкіндік беретіндіктен әлеуметтік бағытталған сала болып табылады.

III. Бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау

1.1. Қызметтің реттелетін саласын дамытудың негізгі өлшемдері Елдің қаржы нарығында 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 54 брокер–дилер, 11 кастодиан — банк, 27 инвестициялық портфельдің басқарушысы, 2 трансфер-агент, 1 қор биржасы, 1 қаржы құралдарымен клирингтік қызметті жүзеге асыратын ұйым, 1 бағалы қағаздардың орталық депозитарийі және 1 бағалы қағаздардың тіркеушісі жұмыс істейді.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жиынтық активтері 2012 жылғы 1 қаңтарда, 2013 жылғы 1 қаңтарда және 2014 жылғы 1 қаңтарда тиісінше 137 220 млн. теңге, 104 233 млн. теңге и 88 081 млн. теңге болды.

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңде бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жиынтық активтері 24,0% немесе 32 987 млн. теңгеге азайды. Сонымен қоса, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 1 қаңтар аралығында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жиынтық активтері 15,5% немесе 16 152 млн. теңгеге азайды.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының міндеттемелері 2013 жылғы 1 қаңтарда 2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 36,3% (11 378 млн. теңгеге) азайып, 19 956 млн. теңгені құрады. Бұл ретте 2014 жылғы 1 қаңтарда бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының міндеттемелері 2013 жылғы 1 қаңтардағымен салыстырғанда 2,9% (583 млн. теңгеге) өсіп, 20 539 млн. теңге болды. 2014 жылғы 1 қаңтарда меншікті капитал 2013 жылғы 1 қаңтардағымен салыстырғанда 19,9% (16 735 млн. теңгеге) азайып, ал 2012 жылғы 1 қаңтардағымен салыстырғанда 36,2 % (38 344 млн. теңгеге) ұлғайып, 67 542 млн. теңгені құрады.

1.2. Негізгі проблемаларды талдау Ұйымдастырылған қор нарығында эмитенттердің, инвесторлардың, сондай-ақ қаржы құралдарының саны жеткіліксіз болуына қарай ішкі қор нарығы өтімділігінің төмен деңгейі Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін негізгі проблема болып табылады.

Отандық қор нарығының өтімділігі азаюына нарықта институционалдық сұраныстың және эмитенттердің бағалы қағаздар нарығы арқылы акционерлік және (немесе) қарыз капиталын тарту мүмкіндігі тарылуы, сондай-ақ сауда-саттықтың көлемі қысқаруы да әсер етеді. Осыған байланысты отандық қор нарығын жандандыру мақсатында қор нарығында инвесторлар мен эмитенттерді жандандыруды, инвесторлардың ЕДБ есепке алусыз, қаржылық көрсеткіштер бойынша ақпарат құқықтары мен мүдделерін қорғау арқылы олардың отандық қор нарығында орын алып отырған инвестициялық процестерге сенімділігін арттыруды қамтамасыз ететін тетіктерді жетілдіруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыру жоспарланып отыр.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында көзделген отындық қор нарығын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру көзделіп отыр.

  1. Тиімді валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру
    • Реттелетін қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері
  1. 2002 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүргізіліп келе жатқан ырықтандыру саясатының нәтижесінде қазіргі уақытта Қазақстанда капиталдың еркін өткізілуіне қандай да бір шектеулер қоймайтын және елде коммерциялық қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін ырықтандырылған валюталық режім қолданылуда. Нәтижесінде 2007 жылғы 1 қаңтарға таман Қазақстанда ұлттық валютаның толық конвертациялану қағидаттары іске асырылды: капитал қозғалысының операцияларын және шетел банктерінде шоттар ашуды лицензиялау жойылды, заңды тұлғалардың ішкі валюта нарығындағы конверсиялық операцияларына шектеулер алып тасталды, валютаны репатриациялау талаптарын орындауды бақылаудың жаңа схемасы енгізілді.

Әлемдік экономикаға ықпалдасу талаптарында соңғы жылдары Қазақстанда валюталық реттеудің негізгі міндеті сыртқы экономикалық конъюнктура мен елдің валюта нарығындағы ахуал күрт өзгерген жағдайда барабар шешімдер қабылдау мен жедел ден қою мақсатында валюталық операциялар мен капитал ағындары жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте, статистикалық мониторингтің мұндай базасы капитал қозғалысының ірі операциялары үшін тіркеу мен хабарлаудың қолданыстағы режімдері, сондай-ақ экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша валютаны репатриациялау талаптары негізінде қалыптасады.

Төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция мен сыртқы борыш бойынша статистикалық және талдамалық ақпарат қалыптастыру мақсатында тіркеу және хабарлау режімдері мыналарды көздейтін капитал қозғалысының ірі операцияларын есепке алады:

1) Қазақстан Республикасына баламасы 500 мың АҚШ долларынан астам сомаға капиталдың (мүліктің, ақшалай қаражаттың) келіп түсуі;

2) Қазақстан Республикасынан баламасы 100 мың АҚШ долларынан астам сомаға капиталдың (ақшалай қаражаттың, мүліктің берілуі) аударылуы. Ішкі валюта нарығында валюта ұсынысын қамтамасыз ету мақсатында сыртқы сауда келісімшартының талаптарында айқындалатын мерзімде валютаны репатриациялау талабы көзделді. Репатриациялау талабының орындалуын бақылау сыртқы сауда мәмілелеріне қатысушы резидентке қызмет көрсететін коммерциялық банктегі сыртқы сауда келісімшартын есептік тіркеу арқылы сомасы баламасында 50 мың АҚШ долларынан асатын сыртқы сауда мәмілелері бойынша жүзеге асырылады. Капиталдың еркін қозғалысы үшін жағдай жасау бойынша Қазақстанда өткізіліп жатқан шаралар Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы мемлекеттерде макроэкономикалық және саяси тұрақтылық болған кезде орнықты экономикалық өсуге қолжеткізуге және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.

Орын алып отырған сыртқы күйзеліс тәуекелдері ескеріле отырып, заңнамада елдің экономикалық қауіпсіздігі мен оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына төнген қатерге жедел ден қою тетігі көзделген. Егер ахуалды экономикалық саясаттың басқа шараларымен шешуге болмаса, арнайы валюталық режім шеңберінде жекелеген валюталық шектеулерді қысқа мерзімде енгізу мүмкіндігі көзделген. Арнайы валюталық режімді Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметпен және Ұлттық Банкпен бірлескен консультациялар жүргізгеннен кейін бір жылдан аспайтын мерзімге енгізуі мүмкін. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы мұндай қорғаныш тетігін қолданған жоқ.

  1. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау саласында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензия алу қажеттілігі туралы талап сақталды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда валюталарды айырбастаудың ұйымдастырылған нарығында жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасына сұранысын қанағаттандыратын банктік, сол сияқты банктік емес айырбастау пункттерінің (уәкілетті ұйымдардың) тармақталған желісі жұмыс істейді.

Ұлттық Банк уәкілетті ұйымдардың қызметін реттеу шеңберінде соңғы 3 жылда (1) есепке алуды автоматтандыруға қойылатын талаптарды енгізу жолымен жүргізілетін операциялардың айқындылығын арттыру, (2) қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдары арасындағы алшақтықтың шектерін енгізу арқылы қолма-қол валюта нарығында алыпсатарлықты болдырмау, (3) уәкілетті ұйымдардың қызметіне ұдайы бақылау жасау және мониторинг жүргізу, (4) рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізді.

Ұлттық Банк қабылдайтын шаралар қолма-қол шетел валютасы нарығындағы алыпсатарлық операцияларын болдырмауға, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

2011-2014 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан бойынша банктік және банктік емес айырбастау пункттерінің (бұдан әрі – АП) жалпы саны айтарлықтай өзгерген жоқ, бұл ретте банктік емес АП үлесі шамамен 30% болды (2011 жылы – 2981 АП, олардың ішіндегі 923 банктік емес, 2012 жылы – 3016 АП, олардың ішінде 922 банктік емес, 2013 жылы – 3093 АП, олардың ішінде 932 банктік емес, 2014 жылы – 3030 АП, олардың ішінде 929 банктік емес).

1.2. Негізгі проблемаларды талдау

  1. Соңғы жылдары ЕАЭО туралы шарттың жобасын әзірлеу және келісу бөлігінде Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын кодификациялау бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. ЕАЭО туралы шарт күшіне енген/қабылданған сәттен бастап оған кіретін, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің шеңберінде жасалған халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолданылуы тоқтатылады. Осылайша, көрсетілген Шарт Кеден одағы құрылған сәттен бастап бірнеше жыл ішінде мемлекеттер қол жеткізген барлық уағдаластықты қамтиды.

ЕАЭО кеңістігінде жаһандандыру және ықпалдасқан процестерді күшейту, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі талаптарында қол жеткізілген халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстанның нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу арқылы валюталық операцияларға статистикалық мониторинг жүргізудің құрылған жүйесіне бейімдеу қажет.

Осыған байланысты шектеулі шаралар мен бизнеске қосымша жүктеме енгізуді көздемейтін трансшекаралық валюта операцияларын қамтуды кеңейту мақсатында капиталды әкелу, сол сияқты капиталды әкету бойынша валюталық операциялар мониторингін теңестіру, сондай-ақ есептік тіркеуге жататын экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша шекті мәнді төмендету қажет.

Тіркеу және хабарлау режімдері бойынша шекті мәндерді қайта қарау туралы мәселені шешу капитал қозғалысының операциялары ретінде олардың жіктелуіне қатысты емес валюталық операцияларды қамтуды көздейтін валюталық реттеу жүйесін енгізу болжанатын «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңын қабылдағаннан кейін қабылданатын болады.

Қазіргі уақытта экспорттық-импорттық валюталық бақылау саласында ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарлардың қозғалысы бойынша, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органы, реттеуші мен уәкілетті банктер арасында тиімді валюталық бақылауға қажетті деректермен алмасу үшін ақпараттық жүйелердің ықпалдасуы саласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (Қаржымині) Мемлекеттік кірістер комитетімен ақпарат алмасуды автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Валюталық бақылау органдары мен агенттерінің ақпаратпен алмасуды автоматтандыру және ақпараттық жүйелердің ықпалдасуы процестерін аяқтағаннан кейін экспорттық-импорттық валюта операциялары бойынша қамтуды кеңейту үшін есептік тіркеуге жататын экспорттық-импорттық валюта операциялары бойынша шекті мәнді төмендету туралы мәселе шешілетін болады.

  1. ЕАЭО қатысушы мемлекеттерде айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті банктер жүзеге асырады, бұл қызмет айқындылығының және бақылау тиімділігінің, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (АЖ/ТҚҚ) саласында бақылау тиімділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда валютаны айырбастау бойынша қызметтерді банктермен қатар уәкілетті ұйымдар да көрсететінін ескерсек, осындай банктік емес ұйымдарға қатысты реттеу мен бақылау жүйелерін одан әрі жетілдіру қажет. Атап айтқанда, банктерге қойылатын талаптарға ұқсас талаптарды енгізу арқылы уәкілетті ұйымдар жүргізетін операциялардың транспаренттілік деңгейін арттыру талап етіледі. Мұндай шаралар субъектілер реттеушінің барлық талаптарын, оның ішінде, АЖ/ТҚҚ саласындағы талаптарын орындауға қабілетті болатын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті реттеу мен бақылаудың тиімді жүйесін енгізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы түпмәтінде уәкілетті ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізу арқылы бақылау мен қадағалау тиімділігін арттыру қажет.

  1. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету

1.1. Реттелетін қызмет саласын дамытудың негізгі өлшемдері

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау:

  • қаржылық қызметтерді тұтынушылардың және микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың (бұдан әрі – қаржылық қызметтерді тұтынушылар) құқықтарын және заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
  • қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру;
  • қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы жүзеге асырылады.

2011-2015 жылдары уәкілетті органға қаржы және микроқаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерін көрсету мәселелері бойынша қарау үшін жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер, оның ішінде ұжымдық өтініштер саны 24 294 өтінішке жетті, олардың ішінде 2011 жылы 2 381 өтініш, 2012 жылы 4 497 өтініш, 2013 жылы 6 904 өтініш, 2014 жылы 4 032 өтініш, 2015 жылы 6 480 өтініш келіп түсті. Бұл ретте, өтініштердің ең көп үлесі, яғни 70%-ы банк секторына тиесілі болды.

1.2. Негізгі проблемаларды талдау Өтініштер санының өсуі қарыз алушылардың төлемге қабілеттілік деңгейінің төмендеуіне, шетел валютасында берілген қарыздар (ипотекалық кредиттеу) бойынша борыштық жүктеменің өсуіне, тұтынушылардың қаржылық сауаттылығының төмен деңгейіне және қаржы ұйымдарының клиенттерге қаржы өнімдерінің шарттарын түсіндіруде жосықсыз қарым-қатынасты ұстануына байланысты орын алды.

  1. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1.1. Реттелетін қызмет саласын дамытудың негізгі параметрлері Қазақстанның жұмыс істеп тұрған төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі), жүйелерді пайдаланушылар арасындағы төлемдердің уақтылы есебін қамтамасыз ете отырып, қауіпсіздік пен сенімділіктің (іркіліссіз жұмыстың) жоғары деңгейімен сипатталады.

Ұлттық Банк резервті орталықты «әскери» режимде ұстап тұру үшін төлем жүйелері жұмысының мониторингін тұрақты негізде жүргізеді. Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне ауыстыру бойынша жұмыстар кезеңдік негізде жүргізіледі.

2013 жылы төлем жүйелерін төлем құжаттарындағы сәйкестендіру нөмірлерін (жеке сәйкестендіру нөмірін және бизнес сәйкестендіру нөмірін (ЖСН/БСН) пайдалануға ауыстырылды, сондай-ақ көлікке салық төлеген кезде төлем құжаттарында көлік құралының сәйкестендіру нөмірлерін (VIN–код) көрсету мүмкіндігі жүзеге асырылды.

2014 жылы Қаржы секторын бағалау бағдарламасының (FSAP бағдарламасы) және Қаржы секторының халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалау бағдарламалары (ROSCs бағдарламасы) шеңберінде Дүниежүзілік банк сарапшысы, Халықаралық есеп айырысулар банкінің төлем және нарықтық инфрақұрылымы жөніндегі комитет пен Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның халықаралық ұйымының техникалық комитеті әзірлеген төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің қаржы нарығы инфрақұрылымдары (ҚНИ) қағидаттарына сәйкестігіне техникалық бағалау жүргізді. Дүниежүзілік Банк сарапшысының Техникалық бағалау қорытындысы бойынша берген ұсынымдарына сәйкес және Ұлттық Банк 2013 жылы жүргізген төлем жүйелерінің және өзге де қаржы нарығы инфрақұрылымдарының ҚНИ қағидаттарына сәйкестігін дербес бағалау нәтижелері негізінде Ұлттық Банк «ҚРҰБ-тың Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК-ның, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-тың, «Қазақстан қор биржасын» АҚ-тың, «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-тың қатысуымен ҚНИ қағидаттарын сақтау жөніндегі ұсынымдарды іске асыру іс-шараларының жоспарын әзірледі.

2014-2015 жылдарға арналған ҚНИ қағидаттарын сақтау жөніндегі ұсынымдарды іске асыру іс-шараларын орындау шеңберінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша, оның ішінде төлем жүйелерін пайдаланушыларға өтімділік беру тетігін ендіру, трансшекаралық төлемдер мен ақша аударымдары тетігін әзірлеу, төлем хабарламаларының басымдылығын өзгерту рәсімін жетілдіру бөлігінде жұмыс жалғастырылды.

Тұтастай алғанда, 2015 жылы БААЖ бен БКЖ арқылы жүргізілген төлемдердің жалпы көлемі 232,0 трлн. теңге сомаға 35,2 млн. транзакция болды, оның ішінде елдің жүйелік маңызды төлем жүйесі БААЖ-да 226,5 трлн. теңге немесе төлемдердің жалпы көлемінен 97,6% (2014 жылы төлем жүйелері арқылы жүргізілген төлемдердің көлемі 202,6 трлн. теңге сомаға 34,7 млн. транзакция, 2013 жылы 177,6 трлн. теңге сомаға 35,2 млн. транзакция, 2012 жылы 170,7 трлн. теңге сомаға 32,4 млн. транзакция, 2011 жылы 192,4 трлн. теңге сомаға 31,5 млн. транзакция болды) жүргізілді.

2014 жылмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 1,5%-ға (522,1 мың транзакцияға) ұлғайды, төлемдер сомасы 14,5%-ға (29,4 трлн. теңгеге) өсті, ол негізінен Қазақстан Резиденттерінің бағалы қағаздарымен төлемдер көлемінің 35,9%-ға өсуімен негізделді. 2015 жылы көрсетілген төлем жүйелері арқылы бір күнде орташа алғанда 946,9 млрд. теңге сомаға 143,6 мың транзакция (2014 жылы – 826,9 млрд. теңгеге сомаға 141,5 мың транзакция, 2013 жылы — 721,9 млрд. теңгеге сомаға 143,2 мың транзакция, 2012 жылы – 691,1 млрд. теңгеге сомаға 131,0 мың транзакция, 2011 жылы – 778,9 млрд. теңге сомаға 127,4 мың транзакция) жүргізілді.

Төлем карточкаларын және қашықтықтан төлеу тәсілін (Интернет және мобильдік төлемдер) пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдердің саны 2015 жылы 98,7 млн. транзакция (2014 жылы — 76,2 мың транзакция, 2013 – 63,0 млн. транзакция, 2012 – 46,6 млн. транзакция, 2011 жылы 35,0 млн. транзакция4) болды.

  • Негізгі проблемаларды талдау

Төлем жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау шеңберінде Ұлттық Банк жұмысындағы негізгі назар жүйелердің клиенттердің талаптарын қанағаттандыратын және рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғалған сенімді, үздіксіз және қауіпсіз жұмысына бағытталуға тиіс. Сонымен қатар елде электрондық банктік қызмет көрсетуді одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, бөлшек төлем құралдары мен қашықтықтан төлеу тәсілін (Интернет және мобильдік төлемдер) пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз жасалатын төлемдердің тұрақты өсуін қолдау негізгі басым бағыттардың бірі болып қалуда.

3-бөлім. Даму аясының/саласының басым бағыттары

1-стратегиялық бағыт. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету

  1. I. Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу. Инфляцияны нысаналы дәлізде ұстап тұру

Ұлттық Банктің бұдан былайғы жұмысы Үкімет пен Ұлттық экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі Банктің 2016-2018 жылдарға дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарының «Инфляция деңгейін 2016-2017 жылдары 6-8%-ға дейін, 2018 жылы 5-7%-ға дейін, 2019 жылы 4-6%-ға дейін, 2020 жылы 3-4%-ға төмендету бойынша шаралар қабылдау» 1-тармағын және «Инфляция деңгейін төмендету үшін базалық пайыздық мөлшерлемені тиісті өзгерту тетіктерін ендіру » 2-тармағын орындау шеңберінде жүргізілетін болады.

Инфляцияның өнімділікті ынталандыру, экономикалық өсім сапасын арттыру, тиімділікті арттыру және ауылшаруашылығын қолдау сияқты құрылымдық проблемаларын шешу мақсатында инфляцияға қарсы реттеу жөніндегі жиынтық шаралар кешенін қабылдау қажет.

Дегенмен, қысқа мерзім ішінде инфляцияны бірден шектеу бойынша қатаң шаралар қабылдау экономикаға теріс әсер ететін болады және тұрақты әрі қалыпты өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Инфляцияны төмендету біртіндеп, оны жылына 3-4%-ға дейін бәсеңдету тек ұзақмерзімдік кезеңде ғана Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың және Ұлттық Банктің бірлескен және үйлестірілген күш-жігерінің арқасында қамтамасыз етіледі.

2-стратегиялық бағыт. Қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету

  1. Банк секторының қаржы орнықтылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 954 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде отандық қаржы ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін және оның озық халықаралық стандарттар базасында экономикалық ресурстарды қайта бөлудегі тиімділігін арттыру, отандық қаржы нарығында барлық қатысушылар үшін бірдей бәсекелік талаптарды жасау Қазақстанның қаржы секторын дамытудың басым бағыты болып табылады. Бірыңғай экономикалық кеңістікке интеграциялану шеңберінде ЕАЭО қатысушы мемлекеттер қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіру, тәуекелдерді және қадағалау талаптарын реттеу тәсілдерін үйлестіру, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде халықаралық стандарттар мен ең жақсы тәжірибені ескере отырып, қорғау жөніндегі бірыңғай талаптарды келісу бөлігінде бірыңғай қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға жалпы әдістерді айқындау жөнінде жұмыс жүргізіп келеді.

Бюджетке жүктемесі ең төмен дәрменсіз банктердің проблемаларын шешу институттарын және өтімділікке мұқтаж дәрменді банктер үшін оны шұғыл беру институттарын дамыту қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етудің басым бағыты болып табылады. Тетіктердің екеуі де негізінен банк активтерінің сапасы туралы дәйекті ақпараттың болуына байланысты. Қаржы ұйымдарының қаржылық есептілігінің сапасын, активтер сапасы мониторингінің балама тәсілдерін, оның ішінде барып инспекциялауды және орталықтандырылған дерекқорларды пайдалан отырып қашықтан талдауды дамыту қамтамасыз ететін институттарды құру қажетті талап болып табылады.

Қаржылық делдалдықтың жоғары сапасы мен тиімділігі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті шарт болып табылады. Ұлттық Банктің бұл бағыттағы жұмысы:

  • реттелетін қаржы ұйымдарының қарыз алушыларды таңдау, қарыздар беру, мониторинг жүргізу, қайта құрылымдау сатысында және қарыз алушылардың дәрменсіздігін шешудің басқа сатыларында қарыздардың сапасын басқару үшін ынталандыру туғызуды;
  • қаржы ұйымдары үшін қарыз алушылармен тиімді жұмыс атқару бойынша мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді;
  • аудиттің сапасын және тәуелсіз аудиторлардың бағалауларын қоса алғанда, қаржылық ақпарат сапасының мониторингін, заманауи стандарттарды (IFRS 9), сондай-ақ оларды беру және өңдеу әдістерін (модельдеу және талдауды дамыту) қолдануды қамтамасыз ететін институттар құруды қамтиды.

Банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттырудағы басым бағыт банктік қадағалау бойынша Базель комитетінің (Базель II/III) ұсынымдарын, соның ішінде тәуекел деңгейі жоғары және (немесе) тәуекел — менеджменті қанағаттанарлықсыз банктер үшін қадағалау үстемеақысы, сондай-ақ өтімділік мәселелері — өтімділікті өтеу коэффициенттері (LCR), таза тұрақты қорландыру (NSFR) және меншік капиталының жеткіліктігі мәселелері бойынша ұсынымдарын енгізу болып табылады.

  1. Қаржылық орнықтылықты арттыру және сақтандыру нарығын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау

Сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын арттырудағы басым бағыттың бірі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншік капиталының жеткіліктігін бағалаудың жаңа стандарттарын Solvency II-ге сәйкес кезең-кезеңмен енгізу болып табылады, ол сақтандыру ұйымдарының капиталдануын және сақтандыру қорларының жеткіліктігін арттыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, сақтандыру нарығын одан әрі дамыту үшін сақтандыру полистерін электрондық сатуды енгізу бойынша жұмыс жүргізілетін болады, ол бизнес жүргізу моделін жаңа технологиялардың, қаржы қызметтерін тұтынушыларға қашықтан қызмет көрсету жүйесін дамыту, қызмет көрсетудің электрондық арналарының желісін құру, соның ішінде электрондық қаржы қызметтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дамыту негізінде қайта жаңарту қажеттілігінен туындап отыр.

Аталған бағыттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 954 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейін Тұжырымдамасында көзделген.

  1. Бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау

Бағалы қағаздар нарығын дамытудағы басым бағыт бағалы қағаздар шығару бойынша эмитенттер үшін қолайлы жағдайлар жасау, қаржы құралдарының бөлшек және институционалдық инвесторларының тізбесін кеңейту, бағалы қағаздар нарығын реттеудегі тәсілдерді ырықтандыру арқылы оның өтімділігін арттыру болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығын дамыту бойынша аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 тамыздағы № 954 қаулысымен бекітілген Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасында көзделген.

  1. Тиімді валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру

Таяу бесжылдықта Ұлттық Банктің валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы қызметінің маңызды бағыттарының бірі жаңадан құрылған валюталық операциялардың мониторингі жүйесін ЕАЭО құру, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты жаңа экономикалық және саяси жағдайларға бейімдеу, сондай-ақ сыртқы факторлардың әсерінен туындайтын экономикалық тұрақсыздықтың тәуекелдерін барынша азайту болып табылады.

Осыған байланысты, Заңшығару жұмысының 2016-2021 арналған Тұжырымдамалық жоспарында (Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымы) 2017 жылы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңын әзірлеу көзделген, ол осылардан басқа Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты резиденттілік қағидаттарын қайта қарауды, олардың жіктеушісіне тәуелсіз капитал қозғалысы операцияларын қамтуды, сондай-ақ валюталық операцияларды «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «Хоргос» Халықаралық шекаралас ынтымақтастық орталығы сияқты мамандандырылған экономикалық аймақтарда жүзеге асыру тәртібін көздейтін болады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2016 жылғы 15 ақпандағы №5 хаттамасымен мақұлданған 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар жоспарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті реттеу саласындағы Ұлттық Банктің негізгі міндеттерінің бірі банктермен жүргізілетін ұқсас операциялардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында банктік емес айырбастау пункттеріне талаптарды жетілдіру болып табылады.

  1. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісінше деңгейімен қамтамасыз ету

Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басым бағыттар бұрынғыдай ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру және халықтың қаржы нарығына деген сенімін арттыру болап қалады.

Қазіргі таңда барынша күрделеніп кеткен қаржы жүйесі, жаһандану үрдісінің жеделдеуі және жаңа күрделі қаржы өнімдері мен қызметтерінің кең спектрінің пайда болуы адамдардың алдына күрделі міндеттер қойып отыр, олар көп жағдайда оларды шешуге әзір емес, өз кезегінде, ол азаматтар тарапынан сенімсіздік туғызады. Азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру, қаржы нарығын одан әрі дамыту тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттырусыз мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасына сәйкес қаржы секторын дамытудағы басымдықтардың бірі тұрғындар мен экономиканың субъектілерін қаржы қызметтерімен қамтуды кеңейту және қаржы қызметтерін тұтынушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Осы орайда, Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық Банктің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын (2015 жылғы 8 желтоқсандағы №51 хаттама) іске асыру үшін халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында іс-шаралар кешенін іске асыру бойынша шаралар қабылдайтын болады.

  1. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған Ұлттық Банктің негізгі міндеттерінің біріне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі Тұжырымдамасын іске асыру аясында төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласындағы басым бағыттар жүйелердің жұмысын жоғары технологиялық және үздіксіз деңгейде қолдауға, олардың жұмысындағы жүйелік қауіп-қатерлерді шектеуге бағытталған жұмыстар болып табылады.

Дереккөзі: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Авторадиода жаңалықтар жүргізушісі болған. Іскерлік журналистика мектебінің түлегі. 7kun.kz сайтында 2015 жылдан бастап істейді.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ