7kun анықтамасы: Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы

0
105

Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов 1964 жылы 21 сәуірде Алматы облысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын тәмамдаған.

Қазақ политехникалық институтының оқытушысы болған.

1993-1998 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Азия елдері басқармасы бастығының, Азия елдері департаменті директорының орынбасары, Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы — ІV департаменті директорының орынбасары.

1998-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі III департаментінің, Екі жақты қатынастар департаментінің директоры.

1999-2001 жылдары — Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі.

2001-2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2003-2006 жылдары — Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2006-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2007-2008 жылдары — Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.

2008-2011 жылдары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Вена қаласындағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2013 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды.

2016 жылдың 28 желтоқсанында ҚР Сыртқы Істер Министрі болып тағайындалды.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін 2014 жылы бітірді. Іскерлік журналистика мектебінің түлегі. 7kun.kz сайтында 2016 жылдан бастап істейді.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ