Алматыда тағы үш жерде McDonald’s ашылды

0
264

Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz — Алматы қаласында тағы 3 McDonald’s мейрамханасы ашылды. Бұл туралы Алматы қаласаы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жаңа орындар Мамыр-4 ықшам ауданында, Mega Alma-Ata және Mega Park ойын-сауық орталығында орналасқан. Үш бірдей мейрамхананы ашуға салынған инвестиция көлемі 1,6 млрд теңгені құрады. 350 жұмыс орны құрылды.

Айта кетейік, жедел тамақтану желісі «Универсиада ұсынған» сертификатына ие болған. Сондай-ақ, жаңа орынның ашылуы кәсіпорындардың қызмет көрсету саласында бәсекелестікті артырады.

Қазіргі кезде Алматы қаласында орта және шағын бизнестің үлесі артып келеді. Мегаполисте 170 мың ШОБ субъектісі бар. Кәсіпорындар 580 000 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 2016 жылдың 1 жартыжылдығында ШОБ арқылы шығарылған өнім көлемі 1,8 трлн теңгені құрады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің түлегі. 2015 жылдан бастап сайттың редакторы.

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ