Елшіліктің қызметкері 700 мың АҚШ долларын жымқырған

0
196

Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz — Беларусьтағы Қазақстан елшілігінің аға бухгалтері А. Сейдуалиев ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Ұлттық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының ақпаратына қарағанда, ол 2012-2015 жылдары аралығында Елшілік ғимаратының құрылысын жүргізді деген желеумен бас  мердігер «Активбизнесплюс» ААҚ-қа жалған шығыс кассалық ордерлер жасау жолымен бюджеттің 207 мың доллар қаржысын ұрлаған.

Мұнан бөлек, Сейдуалиев аталған кезеңде Беларусь Республикасының салық органдарынан қайтарылған ҚҚС ретінде Елшілікке түскен 474 883 АҚШ долларын да иемденген. Ұрланған қаржының жалпы сомасы 681 883 долларды құрайды.

Қазіргі уақытта А.Сейдуалиев ҚР ҚІК 128-бабына сәйкес Астана қалалық ІІД-нің уақытша оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ