2016 жылы әлемдегі бар назар Еуропалық Одақ, Америка Құрама Штаттары, және басқа да елдердің негізгі саяси оқиғаларында болды, онда сайлаушылар сауда, көші-қон және еңбек нарығында құрылымдық өзгерістер туралы терең алаңдаушылықтарын білдірді.

Бірақ, экономика тұрғысынан, 2016 жыл өте тыныш жыл болды: әлемдік экономика баяу қалпына келуін жалғастырды; АҚШ, Еуропа және дамушы нарықтардағы экономикалық белсенділік біртіндеп, кейбір қалған осал жақтарына қарамастан, жақсарды. Ал құлап бара жатқан тауар бағасын реттеу үшін күрескен аз табысты экономикалар, жақындағы бағалар өсімі арқасында шағын серпін ала алады.

Қызығы, қаржы нарықтарын саяси төңкерістер қатты толқындырмады. АҚШ-та аса басымды фискалдық ұстаным жақын болашақта жаһандық өсу және инфляцияны жорамалдады. Бұл 2008 жылдағы әлемдік қаржы дағдарысынан бері, баяу қалпына келу жылдарында басты экономикалық саясат ауыртпалығын көтерген дамыған экономикалардың орталық банктері үшін жеңілдену белгісі болды.

Халықаралық валюта қоры біраз уақыт бойы айтып өткендей, өсу серпіні мүмкіндігі бар елдердің ақша-несие саясатының қолдауын қажет етеді, және де өнімділік пен өсуді көтеруге бағытталған құрылымдық реформалар және фискалды саясаттай қолдау керек.

2017 жылы бірнеше факторлар әлемдік экономиканы күшті, тұрақты өсу бағытында апаруы мүмкін. Біріншіден, Германия G20-ның көшбасшылығын өз мойнына алады, және, ең алдымен, әлемдегі ірі экономикаларға құрылымдық реформаларды және орнықтылықты нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға серпін береді. Сонымен қатар, Қытай, экономикалық моделінің экспорттан гөрі  ішкі сұранысқа қарай қайта бағдарлануын жалғастырады. Және біз көптеген Азия және Латын Америкасы экономикаларында көп жас серпінді, динамизмді көре аламыз.  АҚШ-тың жаңа әкімшілігі корпоративтік салық реформасына және инфрақұрылымдық инвестицияларға ерекше көңіл бөлетінін де көреміз.

Бірақ, әрине, биылғы саяси оқиғаларды қозғаушы күштер 2017 жылы проблемаларды тудыруды жалғастырады. Мысалы, технологиялық прогресс бар жеңімпаз нарықтар, ғаламдық табыстар қосыла бастаса да, көптеген елдердің ішінде табыс теңсіздігін кеңейтіп жатыр. Әлемдегі басты экономикасы дамыған елдерде, соңғы екі онжылдықта табысы жоғарылардың 10%-ның табыстары 40% -ға өсті, ал төменгі сатыда тұрғандардың табыстары қарапайым ғана өсті.

Халықаралық қоғамдастық тап болатын тағы бір аса күрделі мәселе — ол жер шарының геосаяси қысымынан күшейіп бара жатқан көші-қон мәселесі болып табылады. Мигранттар мен босқындар келген елдеріне айтарлықтай пайда әкеле алса да, жаңа қауымдарда олардың келуі экономикалық және мәдени өзгеріс қорқыныштарын арттырады.

Бірталай елдерде, көптеген адамдар саясаткерлердің олардың мүдделері мен әл-ауқатын ойламайды деп санайды. Олар тауарлардың, адамдардың және капиталдың трансшекаралық қозғалысына салынатын қатаң шектеулер олардың өз жұмыспен қамту перспективалары мен экономикалық қауіпсіздігін қалпына келтіреді деп сенеді.

Бірақ еркін сауда, ашық нарықтардан ауытқу тек бұрын-соңды болмаған, соңғы онжылдықта қол жеткізген әлеуметтік және өмір сүру деңгейін жақсарту пайдаларына қауіп төндіреді, және ең қатты табысы төмен үй шаруашылықтары зардап шегуі мүмкін. Сондықтан, ең қиыны теңсіздіктерді шеше отырып, экономикалық ашықтықтан алынған пайданы сақтап қалу болып табылады.

ХВҚ, өз тарапынан, неғұрлым әділ табысты бөлу тек қана орнықты әлеуметтік саясат ғана емес, сонымен қатар мықты экономикалық саясат болады деп санайды. Біздің ғылыми зерттеу жоғары деңгейдегі теңсіздікті төмендетудің ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсімді жоғарырақ және тұрақтырақ ететінін көрсетеді.

Меніңше, елдер теңсіздікті шешу үшін жасай алатын бірнеше қадамдары бар. Біріншіден, үкіметтер, әсіресе автоматтандыру және аутсорсингтан ең қатты зардап шеккен географиялық аймақтарда, біліктілігі төмен қызметкерлерді тікелей қолдауын арттыра алады. Атап айтқанда, үкіметтер медициналық қызметтер, білім беру, дағдыларды оқытуға қоғамдық инвестицияларын ұлғайту керек; және олар кәсіби және географиялық жұмылғыштықты арттыруы қажет. Әр ел жылдам өзгеретін технологиялар  үшін қазіргі және болашақ ұрпақ буынын дайындау үшін өмір бойы білім алу қажеттілігін түсінуі тиіс.

Екіншіден, үкіметтер қолжетімді бала күтімі, ата-ананың бала күтіму бойынша демалысы, денсаулық сақтау қызметі, жұмыс орнының икемділігін жақсарту жолымен, әсіресе отбасылар үшін, әлеуметтік қорғау шараларын нығайту қажет. Олар сондай-ақ табысы аз  адамдарды салық реформалары және заңды минималды жалақыны жүзеге асыру арқылы қолдай алады; еңбек нарығына көбірек әйелдерді келтіру үшін салықтық жеңілдіктерді де жасай алады.

Үшіншіден, үкіметтер әлеуметтік сенімді қалпына келтіру және реформалар жөніндегі қоғамдық қолдауды нығайту мақсатында экономикалық әділдікті қамтамасыз етуді өзіне міндеттеме ретінде алуы тиіс. Атап айтқанда, үкіметтер, бәсекелестік жетіспейтін маңызды салаларда көп бәсекелестікті ынталандырып, салық төлеуден жалтаруды азайтып, және табыстарын салық  төмен жерлерге апаратын бизнес тәжірибесін болдырмауы керек.

Бұл экономикалық интеграцияны жақсартуға бағытталған саясаттардың кейбір мысалдары, және оларды тиімді іске асырумен қатар, қосымша шараларды анықтау үшін де әлі де көп жұмыс жасалуы тиіс. Бұл саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, сондай-ақ тұтастай алғанда экономика мамандарына салынатын тапсырма, міндет болып табылады.

Менің,  2016 жылы орын алған саяси оқиғалар, саясаткерлердің назарын экономикалық интеграциядан ең аз пайда көргендер, немесе технология жетегіндегі еңбек нарығында өзгерістермен орнынан айрылғандарға көмектесуге салатынына күмәнім жоқ. Біз тек бірлесіп, күшті, неғұрлым инклюзивті жаһандық экономиканы құру үшін тез іс-қимыл жасау арқылы ғана табыс деңгейін көтере аламыз. Бұл 2017 жылдың проблемасы да, мүмкіндігі де болып табылады. Біздің бірге және тез қимылдауымыз керек.

Автор туралы: Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры болып қызмет атқарады.

Copyright Project Syndicate © Материалды көшіріп басуға авторлық құқық иеcі тиым салған

Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ